Адасуға жол бермеу

http://turizm-hit.ru/

Мадина Жарас, «Талас тынысы».
Діни экстремизмнің алдын алу және онымен күрес жүргізу бүгінгі күннің өзекті мәселесі екені жасырын емес.


Эктремистік топтар мен радикалды ағымдардың астыртын әрекетін әшкерелеп, тосқауыл қою, жастардың жат ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу мемлекетіміз ұстан­ған негізгі бағыттардың бірі. Елімізде жоғарыда айтылған мәселелермен тікелей дін істері жөніндегі комитет айналысады. Аталмыш, комитеттің ұйтқы болуымен бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде діни экстремизмнің алдын алу, күресу және түсіндіру жұмыстары кешенді түрде жүргізілуде.
Облыс әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» мемлекеттік мекемесінің тапсырмасына сәйкес, діни экстремизмнің алдын алу және тұрғындардың діни сауат­тылығын арттыру мақсатында құрылған ақпараттық топ ауданымызда болып, жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсатты топ алғашқы жиынды қаламыздағы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектепте өткізді. Мектеп ұжымы мен ата-аналар қатысқан жиында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы- магистр Бақтияр Алпысбаев зайырлы мемлекетіміздегі діннің рөлін тарихи-философиялық көзқарастармен ұш­­тас­­­тыра отырып, жастардың діни сауат­тылығын арттыру мәселесімен ба­ла тәрбиесіндегі ата-ананың міндеті турасында айтса, облыстық «Хибатулла-әт-Тарази» мешітінің найб имамы радикалды бағыттағы ағымдарды ұстанушылар кім­дер, экстремистік топтар­дың мақсаты не деген сұрақтарға жауап берді. Мұнан соң ақпараттық-насихаттық топ аудандық ішкі істер бөлімінде, Тамды ауылындағы ауылдық мәдениет үйінде, Берікқара ауылдық округі Қ.Қошманбетов атындағы негізгі мектебінде Қаратау қаласындағы «Әбдібай ата» мешітінде, аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиындар өткізіп, жас мамандармен кездессе, «Нұркелді» базарында жұртшылықпен ашық аспан форматында кездесу өткізді.
Қаламыздағы А.Байтұрсынұлы атын­дағы мектеп-гимназияда өткен жиында облыс әкімдігі дін проблемаларын зерт­теу орталығының бөлім басшысы Ерзат Жакипов діни экстремизм мен терроризм бойынша көрсетілген слайд арқылы жас­тарға толыққанды ақпар берді. Сондай-ақ, басқосуда радикалды бағыт ұстанушылардың басты құралына айналған «жиһад» ұғымы бойынша мағлұмат беретін «Жалған жиһад» атты видео-ролик көрсетілді. Жастардың көптеп шоғырланған жері саналатын қаламыздағы оқу орындарының бірі-М.Х.Дулати атын­дағы ТарМУ мен “Talas Іnvestment Сompany” ЖШС-да аталған ақпараттық топ мүшелері жат ағымдарға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын ауқымды түрде жүргізсе, «Жастар ресурстық орталығының» дін мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісі Сәкен Құлбаев жиналған жастарды бірлікке шақырды.
Облыстық ақпараттық топтың аудандарға жасаған жұмыс сапарын ұйымдастырушы «Бірлікпен Өрлеуге» қоғамдық бірлестігі. Мақсатты топтың құрамында аталмыш қоғамдық бірлестік директорының орын­басары Максим Голубевте болды.