Теріс ағымдардан арылайық

http://turizm-hit.ru/

Бүгінде кейбір дәстүрлі емес дін өкілдері арам пиғылдарын жүзеге асыру үшін, халықты, әсіресе, оның ішінде жастарды теріс бағытқа тартуға тырысуда.

Ғаламтор мен жаңа технологиялар дамып, ақпарат қарша бораған заманда жастардың бір бөлігі сырттан бүркемеленіп келген жалған мәліметтерге сеніп, арбауға түсуде. Сондықтан, жастардың діни сауатын арттыру үшін әлі де көп жұмыс жасалу керек. Бұл бағытта жүргізіліп отырған істер өкінішке орай, нәтижелі деуге келмейді. Содан болар, Елбасы осы мәселеге тоқталып: -«Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көтерулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс» және Қазақстанда дәстүрлі емес діндер бағытындағы күштердің жұмысын мүлдем тоқтату мақсатында заңдарымызды жетілдіру керек”,- деді. Шындығында, қандай қоғам болмасын, бір қабылдаған Заң аясында тұрақтап қал­майды. Уақыт қолданыстағы Заңның баптары мен тармақтарын өзгертуді талап етеді. Сондықтан, Елбасы да дін мәселелері төңірегіндегі заңдарды үнемі жіті назарда ұстау керектігін ескертеді. Егер еліміздің әрбір тұрғыны мемлекет мүддесін ойлап, Отанын қорғаумен қатар, өзінің тілін, этномәдениетін, отбасылық және діни құндылықтарын көздің қарашығындай сақтауға талпынса, балаларын осы мақсатта дұрыс тәрбиелеп, дұрыс бағыттай алса құба-құп болар еді. Қоғамда қандай қозғалыс, қобалжу болмасын, оның басы-қасында жастар жүреді. Сондықтан, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, діни сауатын арттыру, қазақстандық патриотизмді да­мыту, Президент сөзімен айтқанда “Діни имунитетін күшейту”, «коорупцияға төз­беушілікті дамыту» - Қазақстан Республикасының тұғырын биіктетумен бірдей болмақ.
Б.Аманбай,
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Талас аудандық аумақтық инспекция басшысы.