Дін мен қоғам-егіз ұғым

http://turizm-hit.ru/

Діні әлсіз мемлекеттің рухы берік бол­майды. Ата-бабаларымыз осынау ұлан байтақ жерімізді қасық қаны қалғанша қорғап, ұр­пағына аманат етті.

Сол аманаттың иесі Тәуел­сіз Қазақстанның азаматтары десек, қа­зіргі таңда ұлтымызға, болашағымызға, бір­лігімізге, ел болып дамуымызға зардабын тигізетін кереғар ағымдар белең алуда. Сол се­бепті де еліміздің түпкір-түпкірінде діни экст­ремизмнің алдын алу мақсатында дін сала­­сындағы ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс жасап келеді. Осы орайда аталмыш топ өткен аптада ауданымызға табан тіреп, “Діни экстремизмнің алдын алу” тақырыбында қа­ла тұрғындарымен бірнеше кездесу жиында­рын өткізді.
Топ құрамында облыс әкімдігі оңалту орта­лығының инспекторы Сержан Култаев, облыс әкімдігі “Дін проблемаларын зерт­теу орталығының” инспекторы Жандос Өзбе­кәлиев және Қаратау орталық мешітінің бас имамы Нұрсұлтан Әлиев болды.
Балалар өнер мектебінде өткен жиынға мек­теп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері, кол­ледж және жоғарғы оқу орынының ұстаз­дары қатысты. Кездесуді аудан әкімдігі іш­кі сая­сат бөлімінің басшысы Жасөркен Жақсылық ашып, һәм жүргізіп отырды.
Алғашқы болып сөз алған Жандос Сүйімжанұлы:
- Елбасымыздың соңғы Жолдауында “Ді­ни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе, интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керектігін, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез-келген әрекетке мүл­де төзбеушілікті қалыптастыру керек”, - де­генді айтқан болатын. Осыған орай, қойыл­ған міндеттерді іске асыру мақсатында өңі­рі­мізде де түрлі жұмыстар атқарылуда. Діни риториканы жамылып жүрген халықаралық экстремистік және террористік ұйымдар қо­ғамда радикалдық көзқарас пен нанымды қалыптастыруға тырысуда. Әлгі ұйымдардың же­келеген адамдардың санасына мақсатты ық­пал жасауы олардың отансүйгіштік сезімі мен ұлттық өзіндік сана-сезімін, мәдени-иман­дылық, отбасылық құндылықтарын жо­ғал­туына әкеп соғады. Сол себепті де азамат­тардың, әсіресе, жастардың жат ағымдардың етегіне еріп кетпеуін бірлесе қадағалағанымыз жөн, - деді.
Шара барысында сөз алған Қаратау орталық мешітінің бас имамы Нұрсұлтан Әлиев ата дініміздің қадір-қасиетін дәріптей келе:
- Дәстүрлі діндер өздерінің қасиетті жаз­ба кітаптарында ешқандай экстремистік идея­ларды қамтымайды. Керісінше адамдарды татулыққа, сүйіспеншілік пен кешірімді бо­луға шақырады. Ал, дәстүрлі емес діни ағым­дарда фанаттық экстремистік идеялары басым болады. Ислам дінінің ешқандай “изм”- ге қатысы жоқ. Ата дініміз бен салт-дәстүріміз са­бақ­тас. Сон­дықтан, біз рухани азықтанушы жас­­тарға дәстүрлі діндерді дұрыс насихаттасақ, экст­ре­мизм мен терроризмнің алдын аламыз деген сенімдемін -деп түйіндеді.
Мұнан соң аталмыш шара қаламыздағы басқа да жұмыс орындары мен мемлекеттік мекемелерде өз жалғасын тапты.
Ернар Әбдіразақ,
Қаратау қаласы.