Қамкөңіл жандарға қол ұшын созайық

http://turizm-hit.ru/

Аудан мектептерінде үстіміздегі жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республика­лық акциясы өтуде. Акцияның басты мақсаты әлеуметтік жағынан аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім және жартылай жетім балаларға демеушілер есебінен материалдық көмек беру.

Осыған байланысты мектептерде түрлі қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, жиналған қаражат есебінен мұқтаж жандарға көмектер берілуде. Атап айтар болсақ, бүгінгі күнде 81 оқушыға 225100 теңгенің көмегі көрсетілді.
Сонымен қатар, жоспарға сәйкес кезекшілік ұйым­дас­тырылып, аула аралау жұмыстары жүргізілуде. Мұндағы мақсат мектепке әртүрлі себептермен келмей жүрген балаларды анықтауда болып отыр. Егер материалдық қажеттіліктерге (аяқ киім, сырт киімнің жоқтығы себепті) байланысты сабаққа келмей отырған бала анықталған жағдайда, бірден қол ұшын созу.
«Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясына кө­мекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, жомарттық көрсетіп отырған жандарға айтар алғысымыз шексіз. Бұл акция үстіміздегі жылдың 10 ақпанына дейін өз жалғасын табады. Қамкөңіл жандарға қол созып, қайырымдылық жасауға асығайық, ағайын!
А.Еркимбеков,
аудан әкімідігі білім бөлімінің әдіскері.