Мешіт мұқтаж жандарға көмектесті

http://turizm-hit.ru/


Осыған орай аптаның алғашқы күнінде облыстық Хибатулла ат-Тарази мешітінің ұйытқы болуымен Қаратау орталық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты сол - жетім - жесірлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы жанұяларға және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек беру.
Осы тұста, мешіт тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасының әрқайсысына 91 келіден түрлі азық-түлік тауарлары таратылды. Мешітіміздің бас имамы Нұрсұлтан Әлиев осындай игі істердің алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын мәлімдеп, қала тұрғындарының шаңырақтарына бірлік пен береке тіледі.
Ернар Әбдіразақ,
Қаратау қаласы.