Аудан басшысы ардагерді құттықтады

http://turizm-hit.ru/

Мадина Жарас, "Талас тынысы"

Қатары жыл санап сиреп келе жатқан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету қашанда па­ры­­зымыз және бұл міндетті жас ұрпақ ешқашан естен шығар­ған емес.

Бұған дә­лел жыл сайын 9 ма­мыр – Жеңіс күні қарсаңында өткізілетін іс-шаралардан бөлек Ұлы Отан соғысы ардагерлерін ардақтап, марапат көрсетіледі.
Осынау айтулы мереке күні аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев аудандағы ардагерлердің бірі Бестен Тілептің үйіне арнайы барып Ұлы Жеңістің 71 жыл­ды­ғымен құттықтап қайтты. Аудан басшысы сұра­пыл соғыстың зұлматын көрген, майдан даласында қан кешіп, ұрпағына жеңіс сыйлаған майдангер ақса­­қалға аудан жұртшылығы атынан алғысын айтып, сый-сияпат жа­са­ды. Өз ке­зе­­гінде Бестен ақсақал Болат Қанатбайұлына, барлық ауданның атқа мінер азаматтарына алғысын айтып, бата­сын берді. Егемен еліміз­дің бола­­шағы жарқын болып, же­рі­мізді соғыс өрті шарпымасын, ұрпағы­мыз бейбіт күнде жар­қын ғұмыр кешсін деген аталық ақ тілегін жеткізді.