«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында консультативтік-кеңесші кеңестің алғашқы отырысы өтті

http://turizm-hit.ru/

Консультативтік-кеңесші кеңес мемлекетттік корпорация көрсететін қызметтердің сапасын одан әрі жақсарту бойынша шараларды жетілдіру бойынша қабылданатын шешімдердің заңдылығын  және тиімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған болатын.

 

 

Жиынға Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов,Астана қ. бойынша «Ұлттық ғылымакадемиясы» РҚБ Астана қаласы бойынша өкілдігінің директоры Зайролла Дүйсенбеков, Тиімді басқару және бәсекеге қабілеттілікті дамыту халықаралық агенттігінің президенті Гүлнар Құрбанбаева, еңбек ері, «Зейнетақы төлеу  бойынша мемлекеттік орталық» РМҚМ бұрынғы бас директоры Әбдікәрім Төреқұлов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Данияр Еренчинов және басқа да кеңес мүшелері қатысты. Консультативтік-кеңесші кеңестеПарламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина басшылық етті.

Жиналыс барысында мемлекеттік корпорацияныңстратегиялық жоспарының орындалуы мақұлданды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша ұсынымдар берілді. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі саласы бойынша стандарттарғамұрағаттық құжаттарды сақтау мерзімін азайту бөлігінде өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.

Жиналыс қорытындысы бойыншакөлік құралдарын тіркеу, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау бойынша және т.б. мемлекеттік қызмет стандарттарына өзгерістер енгізу  ұсынылды.

Айта кету керек, Консультативтік-кеңесші кеңесжұмысының негізгі қағидаттары ашықтық пен айқындық, ал кеңестің мүшелерімемлекеттік корпорация жұмысына бей-жай қарамайтын, жұмыс сапасын жақсарту бойынша сындарлы сын мен ұсыныстарынайта алатыназаматтарболып табылады. Консультативтік-кеңесші кеңесотырысы жылына кемінде 2 рет туындайтын мәселелер сипатына байланысты өткізіліп тұратын болады. 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының баспасөз қызметі