“Астанадағы” асқақ мереке

http://turizm-hit.ru/

«Астана» балабақшасында биылғы тарихи даталарға бай­ланысты «Мәңгі елсің, мәңгі азатсың, қазағым!» атты кең көлемді іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара барысында Қазақ хандығының  550 жыл­дығынан бастап, Наурыз мерекесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қамтылды.

 

Бүлдіршіндеріміз Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Абылай ханның қазақ халқын біріктірудегі сіңірген еңбе­гін сахналап, көпшілік назарына ұсынды. Бүлдіршіндеріміз таңдайлары тақылдап, «Наурыз» туралы тақпақ, әндерін айтса, бүлдіршін қыздарымыз мың бұрала би билеп, қазақтың шешен­дік өнері-айтыстың мәртебесін көтеріп, бір-бірімен айтысу арқылы да ризашылыққа бөленді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына бай­ланысты «Достығымыз жарасқан» әнін айтып, «Достық» биін биледі.

Іс-шара соңында мерекенің  құрметті қонағы, ардагер ұстаз Қ.Нүрпейісов балалар атына жылы  лебізін білдірсе,  білім беру қызметкерлері кәсіподағының Талас аудандық комитеті филиалының төрағасы М.Мірәлиев, білім бөлімі­нің әдіскері Сәуле Үшкемпірқызы сөз сөйлеп, осы шараны ұйымдастырушыларға ізгі тілектерін жеткізді.

Нұргүл АТАНБЕКОВА,

“Астана” балабақшасының педагог-психологы