Сөз өнері-ақыл өлшемі

http://turizm-hit.ru/

Нарбол Қашаған, «Талас тынысы».
Сөйлеу әдебін қалыптастырмайынша ақыл мәдениетіне жету қиын. Атамыз қазақ осы қарапайым қағиданы әуелден-ақ берік ұстанған. Шаршы топта сауатты сөзбен көпті сүйсіндіріп, жауды жыға білген. Бабадан балаға жеткен шешендік сөздеріміз сарқылмас қазына, ұлттық құндылығымыз.


Асыл қазынамызды кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында аудан әкім­дігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен балалар өнер мектебінде «Өнер алды-қызыл тіл» атты аудандық шешендік өнер байқауы болып өтті. 15-40 жас аралығындағы таланттар тоғыстырған шараға ауыл-аймақтардан төрт кезең бойынша 11 үміткер бақ сынап, білім деңгейлерін таныта білді.
Әділқазылар шешімімен тартысқа толы байқау нәтижесінде, Ақкөл ауылы­нан келген талант иесі Ерімбет Досалиев бас жүлдені қанжығаласа, қы­зыләуіттік Әбдәмүтәлі Баяқов жүлделі 1 орыннан көрінді. Ал, М.Әуезов атындағы орта мектеп мұғалімі Әсел Аптауова 2 орынды, А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның мұғалімі Аягөз Досымбек 3 орынды иеленді. Сон­дай-ақ, көпшіліктің көңілінен шыққан байқауға қатысушылар №2 Қаратау колледжінің білімгері Айдос Айбас Төле би, Д.Қонаев атындағы орта мектептің мұғалімі Ләззат Ахметова Қазыбек би, Қаратау технология, білім және бизнес колледжінің кітапханашысы Жанар Сералиева Әйтеке би шешен номинациялары табысталса, шараға қатысып, белсенділік танытқан барлық үміткер­лерге Алғыс хаттар тапсырылды.
Жеңімпаз өнер иесі алдағы уақытта Тараз қаласында өтетін облыстық байқауда аудан намысын қорғайтын болады.