Аудан абыройын асқақтатты

http://turizm-hit.ru/

Жуырда Көкшетау қаласында бокстан Кеңес Одағының спорт шебері А.Сатыбаевты еске алуға арналған 1997-1998 жылы туыл­ған жастар арасында ашық рес­публика­лық турнир болып өтті.

Байрақты бәсекеге Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Петропавл, Шым­кент, Семей және көршілес Қырғыз елінен 100-ге тарта былғары қолғап шеберлері бақ сынады. Төрт күн­ге созылған дүбірлі додада «Та­лапты» орта мектебінің 10-сы­нып оқушысы Нұрзат Жақып 46 келі салмақ дәрежесінде облыс­тық құрама сапында өнер көрсет­ті. Алғашқы айналымда ақтөбелік және көкшетаулық қарсыластары­нан басым түсіп, ақтық сында айыр қалпақты ағайынға есе жіберіп, күміс жүлдені иеленді.
Таланттардың талабын байқап, жаттығуларына мүмкіндіктер туғы­зып отырған Құлекеевтер әулеті мен Бостандық ауылындағы спорт мектебінің басшылығына алғысы­мызды білдіреміз. Аядай ауылда туып, аудан абыройын асқақтатып, ел намысын қорғап жүрген өрендеріміз­дің жеңіс­тері кейінгілерге үлгі. Талап­ты жас­тарды табыстарымен құттық­тап, биік белестерден көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз.
Н.Қырғызбаев,
Бостандық ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бокс бөлімінің меңгерушісі.