Салауатты өмір нұрлы болашаққа бастайды


Қамысбай САУҚЫМОВ, "Талас тынысы"

Қоғамның қазіргі ең басты дерттерінің бірі-есірткі болып отыр.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, аудандық нарколог-дәрігердің тіркеуінде 15 адам тұр. Олардың ішінде, каннабио­ноидтер саны-30, оның екеуі-әйелдер. Ал, полинаркомандар саны-12, токсикоман-1.
Міне, осы ғасыр дертіне қарсы тұру мақсатында аудандық “Жастар орталығы” “Жастар есірткісіз болашақты таңдайды-салауатты өмір салтын қолдайды” атты кросс жарысын өткізді.
Жарыс алдында сөз сөйлеген “Жастар орталығының” директоры Н.Мырзаев пен қала әкімі Қ.Махашев есірткінің зардабы туралы айтып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Кросқа қатысқан 30-ға жуық жастар Тараз бағытындағы Қаратау қаласына кіреберістегі аркадан жарысты бастап Б.Момышұлы атындағы көше арқылы Д.Қонаев атындағы көшеге түсіп, ау­дан әкімдігі арқылы Шеин көшесі­мен Ә.Молдағұлова атындағы көшеге түсіп, “Жеңіс” алаңына келіп тоқтады.
Осы күні орталықтың ұйымдасты­руымен жас суретшілердің “Есірткісіз әлем” атты сурет көрмесі, Балалар өнер мектебінде “Қаратау-есірткісіз қала” атты форум өтті.
Форумда жастар салауатты өмір салтын ұстауға шақырып, жеңімпаз­дарды арнайы Алғыс хат және баға­лы сыйлықтармен марапатталды.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер