Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық туралы

http://turizm-hit.ru/


Нақтырақ айтатын болсақ, Қазақс­тан “Республикасының әкім­ші­лік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 653-бабына сәйкес, процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ, сотты және (немесе) судья­ны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) үшін ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолдану мүмкін.
Әкiмшiлiк жаза қолданылған­нан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) жасалған жағдайда, отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Сонымен қатар, бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 9-тарауы арналған. Онда сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары және оның тәртібі көрсетілген.
Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыс­тық құқық бұзушылық белгілері болса, осы адам қылмыстық жауап­тылыққа тартылуы мүмкін.
Өзіне қатысты сотқа құрмет­темеушілік білдіру фактісі анық­талған адам, сондай-ақ, іске қаты­са­тын өзге де адамдар өз түсі­ніктемелерін беруге құқылы.
Жоғарыда көрсетілгенді қоры­тын­дылайтын болсақ, сотқа қатысу­ш­лар сот отырысына кешігіп кел­­ген не­месе соттың шақыруына келме­ген жағдайларда, сот отыры­сында өзін дұрыс ұстамаған тұлға­лар­ға қатысты жауапкершілік көзделген.
Істі қарау барысында, судья­лар процеске қатысушы­лардың та­­ра­­­пы­нан сотқа құрметтемеу­ші­ліктің көптеген басқа түрлерін де айқындайды. Мысалы: сот отырысы залына өзімен бірге, сөндірілмеген ұялы телефонын алып кіреді; соттың рұқсатынсыз орнынан тұрады, сөй­лейді; сот отырысында сағыз шайнап отырады; ішімдік ішіп келеді.
Ерекеше сөз қозғайтын мәселе – ол сотқа келушілердің киімі: кей­де жігіттер сотқа жаз мезгілінде аяқ­та­рына сүйретпе (сланцы), бұтына шорты киіп келеді, киген киімі шаң-тозаң болады; қыздар шаштарын жайып, ашық-шашық киім киіп келеді. Әрине, сотқа келушілердің киімі қымбат болуы шарт емес, алайда, сот мемлекеттік мекеме болғандықтан, әр адамның қо­ғамдық орында өзін тиісінше ұстау мәдениеті болу керек дейміз.
Сот отырысында өзінің қой­ған талабы бойынша түсінік­теме бере алмайтын адамдар да кездеседі. Мұндай жағдайда, өзімен бірге сотқа өткізген құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін алып келіп, жаз­­ған арызының мән-жайын түсіндіріп беруі керектігі тура­лы ке­ңес береміз. Осы талап орындалған жағдайда, істің қа­ралу уақыты да азайып, қойған талап та түсінікті болады.
Қазіргі таңда сот отырыс­тары бейне және дыбыс қон­дырғылары арқы­лы жазы­луда, яғни, іске қатысушылардың сот отырысын­дағы барлық іс-әрекет­тері, сөздері таспаға басылады.
Сондықтан, соттың шақы­руы­на уақтылы келу керек екенін, келе алмаған жағ­дайда, ол туралы хабарлау керек екенін; іске қатысушылар киімдерін дұрыстап, өздері қойған талаптары бойынша тиісті құжаттарды өзімен бірге алып келуі керек екенін Талас ауданы тұрғындарының назарына саламыз.
Л.Дукенбаева,
Талас аудандық
сотының судьясы.