Жанына жырын серік еткен

http://turizm-hit.ru/

Ұстаз-ұлы ұғым. «Ғалым да, шахтер де бас иетін, ұстазым бар сенің қасиетің»,- деп өлең жолдарында айтылғандай, Есейхан ауылындағы Қаратау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зеберкүл Шардарбекова бойында ұстазға тән ұлылық пен ақындық қасиет үйлесім тапқан.

Зеберкүл Кеңесқызы еліміздің кемел келешегі жастарды тәрбиелеу мен білім беру жолындағы қиындықтарға қарамастан, жанына жырын серік еткен ұстаз.
Ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы ұйымдастырған «Ұстаздар туралы ең үздік өлең шығар­ма» атты республикалық байқауға қатысып, бақ сынады. Барлығы республиканың 10 облысынан 325 мұғалімнен 500-ге жуық шығарма түскен. Жерлесіміз аудан жұртшылығына бірнеше шығармаларымен таныс, газетіміздің белсенді авторы Зеберкүл Кеңесқызы Шардарбекова Астана қаласында өткен қорытынды кешке қатысып, байқауға төрелік еткен елге танымал ақын-жазушылардың шешімімен жүзден жүйрік атанып, 1 орынды иеленіп, көпшіліктің алғысына бөленіп қайтты.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тарапынан аталған байқауға қа­тысқан ұстаздардың шығармалары «Қалдырған ізің мәңгілік...» атты кітап болып басылып шықты.
Жыр айдынының шағаласы Зеберкүлді жетістігімен құттықтап, қаламыңыз мұқалмасын, жазарыңыз таусылмасын демекпіз.
“Талас тынысы” газетінің ұжымы.