Облыс әкімі "жедел жәрдем" автокөліктерін табыс етті

http://turizm-hit.ru/

“ТТ”-ақпарат”
Өткен жұмада Тараз қаласындағы “Достық” алаңында облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаев Медицина қыз­меткерлерінің төл мерекесіне орай ден­саулық сақтау саласына “жедел жәр­дем” автокөліктерінің кілтін табыс етті.
Соның ішінде 3 “жедел жәрдем” автокөлігі біздің ауданымызға берілді.
- Бұл көліктердің біздің жұмысымыз­дың алға басуына өзіндік ықпал етері даусыз,-дейді аудандық орталық ауру­хананың бас дәрігері Есмахан Имам­мырзаев,-оның бірі Қасқабұлақ ауылына берілсе, екіншісі Қызыләуіт ауылына ал, үшіншісі Қаратау қаласындағы же­дел жәрдем стансасының еншісіне тиді. Ауданымыздың денсаулық сақтау саласына көрсетіп отырған осындай қамқорлығы үшін облыс басшысына ризашылығымыз шексіз,-деді бізбен әңгімесінде.