Көңіл марқаяр көпшілік көзайымы

http://turizm-hit.ru/

Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңын­да Қаратау қаласы тұр­ғындары тағы бір қуа­нышқа кенелді. Көзге көрік берер “Орталық” саябағына (бұрынғы “Кен­­шілер” саябағы)сән кірді. 3000 шаршы метр­­ге төселінген тас жол (брусчатка), сая­бақ іші “Көңілді ат­тар”, “Юнга”, “Зымыран”, “Отарба”, үлкен және кі­ші әткеншектер, тағы да басқа аттракциондармен толықты.

Салтанатты шараның ашылу барысында сөз алған аудан әкімі Бо­лат Рысмендиев: -Сіздер мен біздер қаламыздың сәулетіне көрік қосатын үлкен мәдени шараның куәсі болып отырмыз.
“Моноқалаларды дамыту” бағдарламасы аясында респуб­ликалық бюджеттен бө­лін­­ген 69,2 млн. теңге қар­жыға “Орта­лық” саябақты аудан әкімдігінің «Таза қа­ла» шаруашылық жүр­гізу құ­қығындағы мем­лекеттік кә­сіпорыны уақыт талабына сай қайта жөндеу­ден өткізіп, пайдалануға ұсын­ды. Қала тұр­ғындарының бос уақытта дема­луына қосым­ша жағдай жа­салынып отыр. Саябақ ел игіліне қызмет етеді деп сенемін,-деді өз сөзінде.
Сондай-ақ, шара барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекен Досымұлы игі бастама жайында сөз ете ке­ліп, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев­қа, сонымен қатар, аудан әкімді­гіне ризашылығын білдірді. “Орта­лық” саябақтың лентасын Болат Рысмендиев, аудандық мәсли­хат хатшысы Жұмабек Әсемов, аудандық ардагерлер кеңесінің төраға­сы Жапар Шәріпов сал­танатты түрде кесіп, мерейлі күннің қуанышын бөлісті.