Шағын стадион пайдалауға берілді

http://turizm-hit.ru/

Қамысбай Сауқымов, "Талас тынысы"

Үшарал ауылы аудан орталығынан шалғайда жатса да, мұндағы тірші­лік күннен күнге белең алуда. Осының бәрі ауыл тұрғындарының ауызбірлігі мен туған ауылына деген сүйіспеншілігінен туындап жатқан игі істер екені анық.

Мектеп бітірген түлектер­дің ауылдың кіреберісіне орнатқан аркасы мен бір сәт аялдап демалатын орны, ауыл ортасына орнатқан “Бәйтерек” монументінің көшірмесі, Билайн байла­ныс желісін іске қосуы-бәрі өз ауылына деген перзент­тік сезім, еліне деген адалдық емес пе!?
Міне енді, осы ауылдың тумасы, Тараз қаласында тұратын жеке кәсіп­кер Нұржан Жүнісбеков 4,5 мил­лион теңгеге ауыл­дағы мәдениет үйі­нің жанынан шағын ста­дион соғып, оны ауыл жас­тарының игілігіне ұсын­ды.
Стадионның ашылу салтанатында сөз сөйлеген ауыл ардагерлері кеңесі­нің төрағасы Қыдыралы Жүсіпов ауыл жастары үшін шағын стадион соғып, оларға көмек қолын созған Нұржан бауырымызға ауыл тұрғындары атынан алғыс білдірсе, ауылымыздың қадірменді қариясы Орын­басар Айтуов ақ батасын берді.
- Шағын стадион то­лықтай пайдалануға беріліп отыр. Міне, енді бұл стадион ауылымыздың көркін ашып, ажарландыра түскендей. Жаны да, қолы да жомарт Нұржан Жүнісбеков ағамызға деген алғысымыз шексіз. Еліне деген адалдығын та­нытқан ағамызға қандай мақтау айтсақ та жарасады,-деген ауыл әкімі Дархан Байымбетов Н.Жүнісбеков­тың ағасы Марат Дүрім­бе­товтың иығына шапан жап­ты. Шапанды иығына жауып тұрып ауыл әкімі:
- Осы істің қолға алы­нуы­на ұйытқы болғаны­ңыз­ды жақ­сы білеміз. Ауылда­­­ғы “Үша­рал” орта мек­­те­­бін­­де сіздің әкеңіз, ел-жұрты­на сыйлы болған Ермек Дүрімбетов аға көп жылдар бойы ди­ректорлық қызметте болды. Осындағы көптеген кісі­лер сол кісі­ден тәлім-тәрбие алған. Ініңіз Нұржан Жү­нісбеков ағамыз екеуіңіз бүгін үшаралдықтарға үл­кен қуаныш сыйлап отыр­­сыздар,-деді.
Жиыннан кейін аудан­дағы барлық ауылдық ок­ругтерден келген 11 коман­да өзара футбол жарысын өткізіп, бәйгеге тігілген 180 мың теңгені сарапқа салды.
Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды жеңіп алған Аққұм ауылының командасы 50 мың теңге­ні олжаласа, 2-орыннан көрінген Ойық ауылы ко­мандасының қоржынына 30 мың теңге түсті. Ал, Ә.Сағынтаев атындағы орта мектеп командасы 3-орын­ға табан тіреп, 20 мың сом­ның иесі атанды. Сондай-ақ, қалған 8 команданың әрқайсысына 10 мың тең­геден ынталандыру сый­лығы берілді.