Ауданымызда фермерлер одағы құрылды

http://turizm-hit.ru/

Қамысбай САУҚЫМОВ, “Талас тынысы”

Облыс әкімдігі Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов, “Ауыл шаруа­шылығын” қаржылай қолдау қоры” АҚ-ң басшысы, Қазақ­стан Республикасы Фермерлер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Жигули Молдахалықұлы Дайрабаев, аудан әкімінің орынбасары Қ.А.Рахымжанов, ауыл округтері­нің әкімдері, шаруа қожалықтардың төрағалары және мекеме басшыларының қатысуымен аудан әкімдігінің мәжіліс залын­да ауыл шаруашылығы саласына бағытталған конференция өтті.


Алғашқы сөз кезегін алған Ж.М.Дайрабаев аудандарда фермерлер одағын құру жөнінде сөз қозғады.
- 40 жылдан астам уақыт ауыл шаруашылығының ыстық-суығын бірдей көрген мен оның қиыншылықтары мен ауыртпалықтарына да куә болдым. Әлі күнге дейін бұл салада шешілмей жатқан мәселе көп,-деп өз сөзін бастаған Жигули Молдахалықұлы елімізде фермерлер одағы болмай, тек 2003 жылы қолға алынғанын, оны солтүстік өңір тұрғын­­дары бастағанын баяндап, қазіргі таңда солтүстікте фер­­мерлер ода­ғына қарасты 8 миллион гектар жер бар екенін, оңтүс­тіктегі ағайындар осылардан үлгі алса, игі болар еді деген ойын да жеткізді.
Одақтың өз Жарғысы бар екенін хабарлап, осы арқылы жоғарғы орындардан Заң аясында өз талаптарын қоя алаты­нын, бір сөзбен айтқанда, фермерлер одағы ауыл шаруашы­лығымен айналысамын дегендерге қолдау көрсететінін айтып, Талас ауданында да фермерлер одағын ашатындарын мәлім­деді.
Облыстық фермерлер одағы Талас аудандық филиалының төрағасы болып, “Сако” шаруа қожалығының төрағасы Жұмаділда Тұрманов бірауыздан сайланды. Сондай-ақ, об­лыстық фермерлер одағының алғашқы конференциясына делегаттар сайланды.
Ал, Н.Нұржігітов таластықтарды фермерлер одағының құрылуымен құттықтап, ауыл шаруашылығының өзекті мәселелеріне көшті.
- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан Республика­сының ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы” Заңына қол қойғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Онда ауыл шаруашылығын субсидиялау, инвестициялық субсидиялау, ірілендіру жөнінде баса айтылған,-деген Нұржан Молдиярұлы Заңдағы кооператив Жарғысына түсініктеме беріп, онда көрсетілген 18 бағыт бойынша көмек көрсетілетінін баян­дап, кооператив органдарының құзіретіне де тоқталды. Сон­дай-ақ, ол Беларусь әдісі жөнінде де мағлұмат беріп, жаң­быр­латып, тамшылатып суарудың пайдасын айта отырып, енді мем­лекет, егер сіз ауыл шаруашылығы техникасын алатын бол­саңыз, оның құнының 50 пайызын, осы салада құрылыс ны­санын жүргізетін болсаңыз, 30 пайызын төлейтінінен де хабардар етіп өтті.
Залдан түскен сұрақтар көп болды. Бәріне тұщымды жауаптар қайтарылды.