Мектеп өмірі Алғашқы қадам, алғашқы табыс

http://turizm-hit.ru/

Кеше ғана балабақшаны аяқтап, әлі де еркеліктен арылмаған балаларымыз бүгін міне, лицей табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қабылданды.


ХХІ ғасыр жаһандану ғасыры десек, лицейде заман талабына сай, өнер, біліммен қаруланған оқушыны жан-жақты оқыту үшін барлық жұмыстар атқарылып келе жатқанына көзіміз жетіп отыр. Олай дейтінім, енді ғана 1-сыныпқа келген балаларымыз әріп танымай жатып, математика пәнінен халықаралық дәрежедегі олимпиа­даға қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.
Атап айтар болсам: Тұрар Ерасыл, Кенжетай Бексұлтан, Бөрі Ғафурғұлам, Махмұт Ақбарәлі, Айтымбет Нұрадин, Бейбітхан Әсел, Қосыбай Толғанай, Рысбек Сымбат.
Балаларымыздың жетістігі – ұстаздардың еңбегі, мектеп директорының табанды талабының нәтижесі. Сондықтан да, мен 1-сынып ата-аналарының атынан лицей директоры Мақсат Қазанғаповқа және директордың ғылыми-әдіс­темелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Толқын Орма­хановаға зор алғыс айтамын. Сонымен қатар, сыныпты алғанына аз уақыт болса да балаларымызға жан тәнімен хат танытып, сауатын ашып жатқан Гульжахан Бисеноваға да айтар алғысымыз шексіз. Шәкірттеріңіз үнемі биіктен көрінсін! Еңбегіңіз жана берсін!
Бөрі ТӨРЕШОВ, ата-ана.