Есейханда еңселі білім ордасы бой түзеді

http://turizm-hit.ru/

Мадина Жарас, "Талас тынысы"

1 қырқүйек – Білім күні Есейхан ауылында жаңа білім ордасы бой көтеріп, балаларға есігін айқара ашты.


Екі қабатты еңселі ғима­раттың құрылысы жаңа оқу жылының қарса­ңында аяқталып, білім күні пайдалануға берілді. Қаратау орта мектебінің құрылысы 2015 жылдың ақпанында басталған бола­тын. Құрылысын “Казп­ромсторйстандарт” мерді­гер­­лік компаниясы жүргізген 120 орындық мектеп зама­науи үлгіде салынып, озық технологиямен жаб­дық­талған. Нысанның жал­пы жобалық-сметалық құ­ны 422 млн. 200 мың теңгені құраған. Заманауи үл­гі­дегі жаңа мектеп тек оқушылардың ғана емес, сонымен қатар, ауыл тұрғындарының да көз қуанышына айнал­ған­ды­ғы жасырын емес. Бі­лім ошағының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке арнайы келіп, жас ұрпаққа сыйға тартылған мектептің лентасын қи­ды. Тәуелсіздіктің 25 жыл­ды­ғымен тұспа-тұс келген осынау игілікті шараға жан-жақты дайындық жұмыс­тарын жүргізген мектеп ұжымы алғашқы қоңырау салтанатын жоғары дәрежеде ұйымдастырып, өткізді. Әрбір шәкірт үшін киелі мекен, бақ орда, алтын ұя мектебі қашанда қымбат. Мектеп та­бал­дырығын алғаш аттағалы тұрған балғындар мен барлық оқушылардың шараға белсене атсалысқаны осының дәлелі.
Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке бәсекеге қабілетті білім байрағын тік көтерген ғимаратқа бас сұққалы отырған оқушылар мен барша ауыл тұрғындарын мере­кемен құттықтады. Тимур Амантай­ұлы өз сөзінде бүгінде әлемді шарпыған дағдарысқа қарамастан елі­міз­де жүзеге асып жатқан көптеген істер Елбасының сындарлы саясатының арқа­сын­да екендігін атап айтты. Білім күніне арнал­ған жиында мұнан соң мектептің құры­лыс - монтаж жұмыстарын жүргізген “Казпромст­ройс­тан­дарт” компаниясының ди­рек­торы Мұрат Махамбетов жиналғандарды құттықтап, мектеп директоры Ләззат Бекбердиеваға символикалық білім кілтін табыстады. Аудан­дық мәслихаттың депу­таты, «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешенінің өндіріс басшысы Құдиярбек Омаров туған топырағында бой түзеген жаңа мектепке тар­ту ретінде музыкалық ор­та­лықты сыйға тартты. Мұ­нан соң, облыс әкімінің орын­басары тимур жанке, аудан әкімінің орынбасары Кәдірбек Садубаев, аудандық ар­дагерлер кеңесі төрағасы­ның орынбасары, ардагер ұс­­таз Құрал Нүрпейісов мектептің лентасын салтанатты жағдай­да қиды. Жаңа нысанға қазақы дәстүрмен шашу шашылды.
Ғимараттың ішін аралаған Тимур Амантайұлы оның құрылысына баса назар аударды. Ол мектептің жа­ңа компьютерлермен жаб­­дықталған 2 мультиме­дия­лық кабинет, 1 лин­го­фон­­дық кабинет, кі­тап­хана мен жа­ңа үлгіде жаса­лып, жаб­дықталған асхана, мектеп ауласында орналасқан спорт алаңын көріп, жоғары ба­ғалады. Алдағы уақытта мектептің айналасына тал-дарақтар мен көпжылдық гүлдер егілсе, деген тілегін де жасырмады.
Салтанатты жиын со­ңы мектеп оқушылары мен Ұлбике ақын атын­да­ғы ау­дан­дық мәдениет үйінің өнер­­­­паз­дары дайындаған кон­церттік бағдарламаға ұлас­ты.