«Аула ойындарының» спорттық фестивалі

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, Жамбыл облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық – спорттық шаралар өткізу орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Аула ойындарының» спорттық фестивалінің ІІІ ақтық кезеңі болып өтті. Аталған жарыс “Қалашық”, “Доппен ұрып шығару”, “Асық ату”, “Лянга”, “Секірме” сынды ойын түрінен сынға түсті. Жарысты қорытындылай келе, «Жұлдыз» аула клубының 10-14 жас аралығындағы командасы “Қалашық” ойыны бойынша бірінші орын, “Доппен ұрып шығару” ойыны бойынша үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздар медаль, дипломдармен марапатталды.
Атап айтатын болсақ, 10-14 жас аралығында “Қалашық” ойыны бойынша бірінші орынды иеленген Мөлдір Дүйсембекова, Нұрхан Самуратов, Асқар Баймаханов, ал, “Доппен ұрып шығару” ойыны бойынша үшінші орынды Рита Аймуратова, Айсұлу Сәрсенбаева, Жарасбек Түркіменбаев иеленді.
Жарысқа дайындаған команда жетекшілері Ақмарал Қаппарова, Алмас Құттыбайға алғысымыз шексіз

Р. Рахымбердиева,
«Жұлдыз» аула клубы.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер