Жоспарланған жолдар жөнделіп бітті бұл жұмыстар келесі жылда жалғасын таппақ

http://turizm-hit.ru/

Дүйсен Молдақұлов, “Талас тынысы”.


Олай дейтініміз, жауынды-шашынды күндері лайсаң, күн ашықта шаң-тозаңға көміліп жататын көшелер көпшілікті әуре - сарсаңға салатын. Мұндай көшелермен жү­ру автокөлік тұрмақ, жаяу жүргіншінің өзіне мұң болатын.
Осынау күрмеуі қиын күрделі мәселе биылғы жылы өзінің оң шешімін таба бастады. Қазір қала бойынша жоспар­ланған барлығы 22 көше толық жөнделіп бітті. Қала көшелеріне қатысты оң шешімін тапқан мұндай жұмыстар көпшілік тарапы­нан да ризашылықтарын тудыруда.
Бұл жерде “Тараз көлік жолы”, “Тау құс”, “Ақ жол - құры­­лысы”, “Сити құ­рылысы” секіл­­ді жауапкершілігі шек­­теулі серіктестіктермен бірге, осын­дай ауқымды жобаларға тұңғыш рет қатысып отырған жергілік­ті мер­дігер, аудандық мәслихат­тың депу­таты Қабыл Жолдасов жетек­ші­лік ететін “Талас жол­дары” жауап­кершілігі шектеулі серіктестігінің де қомақты үлес қосқанын айта кеткен жөн.
“Талас жолдары” А.Пушкин, Ы.Ал­тын­сарин және қаланың негізгі кө­шелерінің бірінен саналатын Шах­тер кө­шелерін жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы атқарып шыққанын да айта кеткен орынды.
- Биыл жауын-шашын мен қыс мезгіліне ұрынбай тиісті көшелерді жөндеп алдық, - дейді аудан әкімдігі тұрғын үй - коммуналдық шаруа­шы­лық, автомобиль жолдары мен жолаушы­лар тасымалы бөлімінің басшысы Нұржан Садықбеков, - келесі жыл да бұл жұмыс өзінің жалғасын табатын болады.
Суретте: “Талас жолдары” ЖШС жұмыс үстінде.