Ауданымызда фермерлер одағы құрылды

Қамысбай САУҚЫМОВ, “Талас тынысы”

Облыс әкімдігі Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов, “Ауыл шаруа­шылығын” қаржылай қолдау қоры” АҚ-ң басшысы, Қазақ­стан Республикасы Фермерлер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Жигули Молдахалықұлы Дайрабаев, аудан әкімінің орынбасары Қ.А.Рахымжанов, ауыл округтері­нің әкімдері, шаруа қожалықтардың төрағалары және мекеме басшыларының қатысуымен аудан әкімдігінің мәжіліс залын­да ауыл шаруашылығы саласына бағытталған конференция өтті.

Толығырақ: Ауданымызда фермерлер одағы құрылды

Шағын стадион пайдалауға берілді

Қамысбай Сауқымов, "Талас тынысы"

Үшарал ауылы аудан орталығынан шалғайда жатса да, мұндағы тірші­лік күннен күнге белең алуда. Осының бәрі ауыл тұрғындарының ауызбірлігі мен туған ауылына деген сүйіспеншілігінен туындап жатқан игі істер екені анық.

Толығырақ: Шағын стадион пайдалауға берілді

Тақтайдай тегіс жол ортақ игілікке айналды

Дүйсен Молдақұлов, "Талас тынысы"

Қазақ хандығының 550 жыл­дық торқалы тойын атап өту қарсаңында таластықтар тағы бір қуаныштың куәсі болды.

Толығырақ: Тақтайдай тегіс жол ортақ игілікке айналды

Ақкөлде наубайхана ашылды

Дүйсен Молдақұлов,
“Талас тынысы”
Тоғыз жолдың торабын­дағы Ақкөл ауылы құт қонып, қасиет дарыған киелі мекен саналады. Сонымен бірге, кезінде Ақкөлдің дәмді, сапалы нанымен де аты шыққан. Тараздан төменгі ауылдарға, төменгі ауылдардан Таразға қаты­наған жолаушылар міндетті түрде арнайы соғып, Ақкөл­дің нанын сатып алуды әдетке айналдырған болатын.
Кейін заман өзгерді. Қа­зір жұртшылық сол кездегі Ақкөлдің нанын айтып, әлі күнге дейін ауыздарынан тастамайды.

Толығырақ: Ақкөлде наубайхана ашылды

Көңіл марқаяр көпшілік көзайымы

Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңын­да Қаратау қаласы тұр­ғындары тағы бір қуа­нышқа кенелді. Көзге көрік берер “Орталық” саябағына (бұрынғы “Кен­­шілер” саябағы)сән кірді. 3000 шаршы метр­­ге төселінген тас жол (брусчатка), сая­бақ іші “Көңілді ат­тар”, “Юнга”, “Зымыран”, “Отарба”, үлкен және кі­ші әткеншектер, тағы да басқа аттракциондармен толықты.

Толығырақ: Көңіл марқаяр көпшілік көзайымы
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер