Таза қоғамда табыс мол болады

Елбасымыз сыбайлас жемқорлықтың мемлекетіміздің дамуына, оның экономикалық өсуі мен саяси тұрақтылығына қауіп-қатер төндіретінін үнемі айтып келеді. Мемлекетімізде жемқорлыққа қарсы күрес саябырсыған емес және бұл бағытта пәрменді де нәтижелі шаралар жүзеге асырылуда.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған құжатта Үкіметке мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру мен міндеттерді орындау тапсырылған.
Сонымен қатар, осы құжатта мемлекеттік қызметшілерге және мемлекеттік қызметтен босаған адамдарға қызметтен босағаннан кейін белгілі бір кезең ішінде құны ресми табысынан асып түсетін мүліктің шығу тегі туралы ақпарат ұсыну міндеттелген. Осы арқылы мемлекеттік қызметшілер мен одан босаған азаматтардың табысының ашықтығын айқындап, сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы тұру қағидасы қалыптасады.
Жемқорлықпен күрес науқандық шара немесе компания емес. Ол үнемі эволюциялық қозғалыста болатын қажеттілік. Жұмыс барысында жемқорлықпен көзге жария ету жолында жұмыс істеген дұрыс. Ол көпшілікке жария жағдайда өтсе, онда жиіркеніш сезімін туғызып, одан сабақ алуға жол ашады. Бұл жемқорлықты ауыздықтайтын эволюциялық тәсіл.
Тәртіп пен тазалық - Тәуелсіздіктің бір тірегі.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Талас аудандық аумақтық инспекциясы.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер