Жемқорлық-қауіпті дерт

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру аса маңызды міндет деп атап көрсетті.


Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып белсене қарсы тұру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін одан ары жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдардың жауапкершілігін ұлғайтуда да биліктің барлық тармақтары мен азаматтық қоғам институттарының бұл мәселені шешудегі әлеуметтік әріптестігіне баса мән беріліп отыр.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, барлық азаматтардың міндеті. Қоғамымыздың барлық саласында дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.
Осы орайда, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және жою, сақтандыру мақсатында мекемемізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы іс-шаралар жоспары жасалынды. Соған сәйкес, осы бағыттағы жұмыстарды күшейту және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында нақты іс-шаралар атқарылып, құқықтық сауаттылықты аттыру мақсатында құқық қорғау органдарының қатысуымен семинар-кеңестер, дөңгелек үстел отырыстарын өткізу, насихаттау жұмыстары жүргізілуде.
Сондықтан да, құлқынның қамын ойлаған кейбіреулеріміздің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе ымырасыз күрескеніміз дұрыс деп ойлаймыз.
Бақытғали Аманбай,
ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті Талас аудандық аумақтық инспекциясының басшысы.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер