Әдеп кодексін әрбір қызметші қатаң сақтауы керек

http://turizm-hit.ru/

Қасымхан Төлендиев,
«Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс” республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспа­рында көзделген кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру мақсатында жыл басында Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдар күшіне енген болатын.


Жаңа рефор­малар аясында мем­лекет­тік қыз­мет саласын­дағы тәртіптік және этикалық бақылау мәселесіне айрықша көңіл бөлініп отыр. Осы орайда, мемлекет басшысының Жарлығымен мем­ле­кеттік қызметшілердің жаңа Әдеп Кодексі қабылданды.
Баршаға белгілі, биылдан бастап бұрынғы тәртіптік кеңестер Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Әдеп жөніндегі кеңесі болып құрылды. Мұндай кеңестер алқалы орган ретінде Астана, Алматы қалаларымен қатар, барлық облыстарда жұмыс атқаруда.
Мен өз басым облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі ретінде бұл бағыттағы жұмыс­тардан толық­қанды хабардармын.
Биылғы жылы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыс бойынша департаменті жұмысшы тобын құрып, барлық аудандарда «Мем­лекет­тік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдардың, Әдеп кодексінің негізгі ережелері мен талаптарын түсіндіру бойынша кең көлемді жұмыстарды қолға алды. Бұл жүйелі жұмыстардың өзінің оң нәтижесін беретіндігіне мен нық сенімдімін.
Әрбір мемлекеттік қызметші мемлекет пен оның азаматтарына нұқсан келтіретін жағымсыз әрекеттерге жол бермеуі керек. Халық игілігі үшін аянып қалмауы тиіс. Бұл тұрғыда, мемлекеттің артып отырған сенімі жоғары.