Жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ

http://turizm-hit.ru/


Қызмет бабында жүргізілетін әр апталық жиналыстарда басқармасының басшысымен жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл сұрақтары бойын­ша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы заңнаманың, мемлекеттік қыз­метшілердің Этика Кодексінің, ерекше тәртіп бойынша тексеруге шыққанда нысанда, әсіресе, жеке кәсіпкерлік нысан­дарда, мемлекеттік қызметшіге тән мінез-құлықты ұстану, құзырымыз­ға кіретін іс-әрекеттерге бармау, тағы басқа нормаларын түсіндіру арқылы ескертіліп отырылады.
Қызмет беруші мен қызмет алушы­ның тікелей байланысқа түсуімен ұштасатын сыбайлас жемқорлық қатерлерін алдын алу мақсатында басқармаға келіп түсетін барлық хат-хабарды, оның ішінде, рұқсат беру құжаттарын қабылдау және беру бөлек бөлмеде орналасқан кеңсе арқылы жүргізіледі. Кіріс құжаттарын қабылдау және шығыс құжаттарын беру үшін жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынасын болдырмайтын арнайы жай бөлінген және құжаттаманы қабылдауға, тіркеуге және беруге жауапты маман бекітілген.
Рұқсат ету құжаттарын беру қызметі «Е-Лицензиялау» және «Мем Сараптама» электронды жүйелерімен қамтамасыз етілуде.
Аудандық басқарма ғимаратына кіреберісте өткізу режимі қолданылады, келушілер туралы мәліметтерді тіркеу жүргізіледі. Азаматтардың шағымдары мен өтініштеріне арналған жәшік ғимаратқа кіреберісте орнатылған.
Бейнебақылаумен жабдықталған жеке және заңды тұлғаларға кеңес беруге арналған бөлмеде мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық стенд орналастырылған.
Басқармада есепті кезеңде Қазақс­тан Республикасының Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 26 жел­тоқ­сандағы Жар­лығымен «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тура­лы” 4 семинар өткізілді. Сонымен қатар, 4 құқықтық сабақ, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу туралы ауылдық округтерде 2 жиын өткізілді.
Ж.Қалаубекова,
Талас аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы.