Жемқорлыққа жол жоқ

http://turizm-hit.ru/

Елбасы Н.Назарбаевтың көреген басшылығы мен сара саясатының арқасында Отанымыз – Қазақстан Рес­публи­касының жылдан – жылға гүлденіп, дамуы жүрегімізге қуаныш отын маздатып, еліміздің жарқын болашағына деген сенімімізді арттыра түсуде.

Осы орайда, еліміздің жаңа дамуы кезеңінде жегі құрт - жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын рөлі ерекше.
Аудан тұрғындары мен түрлі сала қызметкерлері арасында сыбайлас­тықты тоқтату, жою мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылуда.
Мекеме тарапынан аудандағы кәсіпкерлер мен мекеме қызмет­керлерімен бірлескен жиын өткізіліп, аудандық прокуратура өкілдері мен сабақтар өткізілуде, күнделікті қызмет бабында, нысандарда өрт саласында, тексерістер барысында жемқорыққа жол бермеу, оның алдын алу мақсатында бөлім қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа жол берілген немесе ықпал еткен жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын әрдайым естен шығармайық.

Ғалымжан Сыздықов,
Талас ауданы ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау майоры.