Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы

http://turizm-hit.ru/

2016 жылғы 29 қарашасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өткізілді.


Онда азамат Е.Тулеев пен А.Қалманбетовтың арыз­дары негізінде жүргізілген тексеру нәтижелері бойын­ша Меркі ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ.Қасымовқа қатысты тәртіптік іс қаралды.
Қызметтік тергеп-тексеру барысында өтініш иелерінің арыздарында көрсетілген уәждер өз дәлелін тапты.
Тәртіптік істі мүдделі тұлғалардың қатысуымен қарау нәтижесінде, Әдеп жөнін­дегі кеңес Р.Қ.Қасымовтың әрекет­терінде «Қазақстан Респуб­лика­сының Мемлекеттік қыз­меті туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы, 1-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген жеке тұлғаға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасау сипатындағы мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық белгілері бар деп тапты.
Осыған орай, көрсетілген Заңның 44-бабы, 5-тармағына сай Әдеп жөніндегі кеңеспен Меркі ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Қалмұхамбетұлы Қасымовқа «мемлекеттік лауазымын тө­мен­дету» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Сонымен қатар, Қордай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының ұсынысында көрсетілген фактілер бойын­ша Қордай ауданы Қордай ауылдық округінің әкімі М.А.Атшабаровқа қатысты қозғалған тәртіптік іс қаралды.
Әдеп жөніндегі кеңес, атал­ған тұлғаға қатысты жүргізілген қызметтік тек­серу қорытындысын қарап, М.А.Атшабаровтың тарапынан Қазақстан Рес­пуб­ликасы мемлекеттік қыз­метшілерінің Әдеп Ко­дексінің 5-тармағының 11) тармақшасының талаптары бұзылған деген қорытындыға келді.
Сонымен қатар, Қазақ­стан Республикасының «Қазақстан Республика­сының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 45-бабының 1-тармағына сәйкес, тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды (мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды ескермегенде).
Осыған орай, М.А.Атшабаровқа қатысты тәр­тіптік жазаға тарту мерзімі өтіп кетуіне байланысты, Әдеп жөніндегі кеңес М.А.Атшабаровқа қатысты қозғалған тәртіптік іс бойынша істі тоқтату туралы шешім қабылдады.
Айжан Мадимарова,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің бас маманы.