Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру-басты міндет

http://turizm-hit.ru/

Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылы 18 қарашада қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген жаңа Заңда қаралған.

Бұл Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға бағытталған. Осы Заңмен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіретін тиісті уәкілетті орган анықталды. Бұл – мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер және басқа да жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа институттары енгізілді.
Мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік қасиеттерін арттыру мақсатында Президенттің Жарлығымен мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі және Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекітілді. Әдеп кодексі әр-түрлі жағдайлардағы мінез-құлық барысын, яғни, жұмыс кезінде әріптестерімен, қарамағындағылармен, басшылықпен қарым-қатынасты орнату, жұмыстан бос уақыттардағы мінез-құлқын анықтайды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыттарының бірі – оның алдын алу болып табылады. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселе­лердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық - мемлекетті ішінен жою­дың бастамасы, жетістіктерді жоққа шы­ғаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп- қатер әкелетіндігі күмәнсіз.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқор­лыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Сондықтан, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш – жігерін біріктіріп, жемқорлық дерттің алдын алуымыз керек.
Ерлан Наржанов,
облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы.