Бөлтірік шешен ауылдық клубында Кеңес ауылдық округінің әкімі Болатжан Дуанбек, “Жастар ресурстық орталығының” аға нұсқаушысы Жәнібек Қашқынбаев, Кеңес ауылының учаскелік аға инспекторы Жомарт Омаров және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты жиын өтті.
Жиында сөз сөйлеген Ж.Омаров:
-Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп – қатерлерінің бірі болып табылады. Жемқорлықпен күрес күн сайын қарқын алып келеді десек те, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндер қатары да азаяр емес,-дей отырып, онымен бір кісідей күрескенде ғана оң нәтижеге қол жеткізе алатындарын түсіндіріп өтті.
Ал, Ж.Қашқынбаев та бұл мәселе жөнінде ауқымды әңгіме өрбітті. Сонымен бірге, Ербол Сүлейменов те осы мәселеге қатысты өз ойын ортаға салды.
Жанар Мырзамбетова,
Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы әдістемелік бөлмесінің меңгерушісі.