Азаматтық борышымыз

http://turizm-hit.ru/

Қазақстан Республикасының заң­нама­ларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қыл­мыстар жатады.

Өмір көрсеткендей, өртке қарсы қызмет өкілеттігінде де теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көренеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың бар­лығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқор­лықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың ұлттық қауіп­­сіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты­ның негізгі басымдылықтарының бі­рі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқор­лыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Өртке қарсы қызметінің азаматтық борышы деп білу керек.
Ғалымжан Сыздықов,
Талас ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры.