Жемқорлыққа қарсымыз

http://turizm-hit.ru/

Сыбайлас жемқорлық тақырыбына байланысты О.Иманалиев атындағы Ақкөл ауылдық мәдениет үйінде «Жем­қорлыққа қарсымыз» тақырыбында дөң­гелек үстел өткізілді. Жиынға ауылдық кітапхана және мекеме қызметкерлері түгел қамтылды.


Күн тәртібі бойынша бірінші сөз ал­ған Ақкөл ауылдық №1 филиал кітапханасының меңгерушісі Мейізкүл Тоққошқарова:
- Бүгінгі таңда елімізде белең алып отырған індет, ол - жемқорлық.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтылғандай, мекеме, ұжым, отбасында да осы жайында әңгіме қозғап, бүкіл ел болып күресуіміз керек деп ой қосқым келеді, -деп сөзін тұжырымдады.
Мәдениет үйінің директоры Жақсылық Тілеубеков:
- Бауыржан атамыз айтқандай, «Тәр­тіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды», - демекші, жалпы тәртіп болған жерде береке болары анық, - деп ойын ортаға салды.
Мәдениет үйінің кіші қызметкері Кәрімбай Жанұзақов:
- Сыбайлас жемқорлық қазіргі заман­ның бас ауруына айналғандай. Бұл жем­қорлыққа ел болып кірісіп, тоқтау жасамаса, өсіп келе жатқан ұрпаққа ертең ауыр болары ақиқат, - деп сөзін түйіндеді.

Талап Байжиенов,
Ақкөл ауылдық мәдениет үйінің мәдени іс-шара ұйымдастырушысы.