Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Медицина қызметкерлері сынға түсті

Индира Еркінқызы, «Талас тынысы»

Адам жанының арашасы ақ желеңді абзал жандардың адам өмірінде алатын орны ерекше. Олай дейтін себебіміз, өмір мен өлім арасындағы арпалыста дерттің шипасын тауып, өздерінің жылы сөздері мен мейірімді жүздері арқылы жаныңа жалау болады.

Әр күні науқасты емдеумен өтіп жатқан дәрігерлер адамдар­дың бірінші жанашыры десек, артық айтқандық емес. Абай атамыз айтқан­дай: «Осы ортада неше түрлі жан бармыз. Үлкен де, кіші де, қоғамдағы орнымыз- әр алуан. Соған қарамастан, бәріміз бас иетін бір адам бар, ол-дәрігер»-, деп бекер айтпаса керек. Шынында да, «Денсаулық-зор байлық» - демекші, дені сау ұлт- мемлекетіміздің баға жетпес байлығы.
«Қазақстан 2020: Болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырым­дамасын жүзеге асыру және ауылдағы жас мамандардың ауылдық жерлерде тұрақтануына ықпал ету, ауыл жастарына қолдау көрсету, олардың беделін, мерейін көтеру, кәсіби және шығармашылық деңгейлерін жетілдіру мақсатында «Талас жас­тар орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен аудандық «Ауыл­дың ең үздік жас медицина қызметкері» атты кәсіптік байқау болып өтті.
Байқаудың шарты бойынша «Таныстыру», «Өнерлінің өрісі кең», «Білікті маман-ел тірегі», «Мамандығым - мақтанышым» атты төрт кезеңнен тұрған сында аудандық орталық аурухананың бөлімдерінен алты жас маман қатысты.
Білімі мен тәжірибесін ұштастыра білген бірі мейірбике, бірі фельдшер жас мамандар білгені мен түйгенін, бойларындағы өнерін байқау барысында байқата білді.
Сонымен, кәсіптік байқау қорытындысында 1- орынды «Ең үздік жас маман» иесі атанған аудандық аурухананың бала­лар бөлімшесінің мейірбикесі Қарлығаш Саритбаева иеленіп, облыс­тық байқауға жолдама алды. Ал, 2-орынға балалар емханасы егу бөлімшесінің мейірбикесі Мөлдір Сағындықова лайық болса, 3 - орынға жедел жәрдем бөлімшесінің кезекші фельдшері Мерей Молдамұратов ие болды. Сондай-ақ, өз өнерімен көзге түскен балалар емханасының аймақтық медбикесі Құралай Малтаева «Өнерлі маман» атанса, аурухана қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі Әлия Мұханбай мен аурухананың ересектер емханасы­ның медициналық тіркеушісі Жанат Абдуллаева «Белсенді қатыс­қаны үшін» атты номинациялармен марапатталды.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер