Аудан халқы Заңын ұлықтады

http://turizm-hit.ru/

"ТТ"-ақпарат"

Ұлбике ақын атындағы аудандық мәдениет үйінде 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай салтанатты жиын өтті.


Шараның ашылу сал­танатында сөз ал­ған аудан әкімі Болат Рысмендиев жиналғандарды айбыны асқақ мерекемен құт­тықтады. Мұнан соң аудан басшысы көп жылғы еңбегі үшін бір­қатар азаматтарды об­лыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен, ауданның әлеу­меттік - экономикалық да­муына қосқан үлесі үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс ха­тымен марапаттады.
Салтанатты жиында сонымен қатар, мәслихат хатшысы Арқабек Төлебаев Қазақстан Рес­пуб­ликасының Конс­титуциясы күніне орай, бірқатар азаматтар мен азаматшаларға аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталарын табыс етті.
Шара соңы мерекелік концертке ұласты.