Майірімін жоғалтпаған жан қайырымдылықтан қашпайды

http://turizm-hit.ru/

Бостандық ауылындағы «Алғабас» орта мектебінде Бостандық, Талапты ауылдарының бірқатар ата-аналары мен оқушылары қатысқан «Бақытты балалық шақ мекені» атты дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы өтті.


«Алғабас» орта мекте­бінің әлеуметтік педагогы Досымжан Жанысбеков қайырымдылық акциясын ашып, жылда өтіп келе жатқан, осы шараға тұрақты түрде көмек қолын созып келе жатқан демеушілерге ризашылығын білдіріп, осы ауылда дүниеге келіп, орта мектепті осы жерде бітірген, қазіргі кезде Шу ауданының әкімі қызметінде жүрген Рүстем Дәулетов қайырымдылық шарасына 50 мың теңге, осы жердегі белді кәсіпкер Рахат Шәріпбаев 15 мың теңге, «Төртбай ата» мешітінің имамы Зульфухар Түзелбаев 40000 теңге, ауыл округі әкімінің аппараты 13 мың теңге, №28 спорт мектебі 15000 теңге, «Ақбөпе» балабақшасы 15000 теңге, дәрігерлік амбулатория, Мәдениет үйі және байланыс бөлімшесі 12 мың теңге тапсырып, Барлығы – 160 мың теңгеге 21 оқушының 11-іне мектеп формасы, ал, 10 оқушыға оқу құралдары әперілгенін баяндады.
Одан әрі ауыл әкімі Мұратхан Рысдәулетов, демеушілер сөз алды.
Өз кезегінде облысымызға белгілі кәсіпкер, бір кездері ауданымыздың әкімі болған, осы ауылдың тумасы Досан Рымтаев сөз сөйледі:
- «Ауылым-алтын бесі­гім»- дейді ғой ел ішінде. Сол айтқандай, мені де ауылым өзіне тартып тұрады. Ауы­лым­ды сүйгенім, әри­не, елімді сүйгенім. Сол сүйіспеншілік бүгін де ауылыма жетелеп, мына қайырымдылық шара­сына өзімнің аз ғана үлесім­ді қосуға келдім,-деп Бос­­тан­­дық ауылындағы 13 отба­сынан шыққан 30 оқу­шыға (1-сыныпқа бара­тын­дар), сондай-ақ, Талапты ауылындағы осын­дай 15 оқу­шыға 360 мың теңгеге оқу құралдарын әкелгенін жет­кізді.
Бұл күні «Алғабас» ор­та мектебіне 400 мың, ал, «Талап­ты» орта мекте­біне 120 мың теңгеге қайырым­дылық жасалды.
Шара соңы оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Мақпал ДҮЙСЕНБЕКОВА,
“Алғабас” орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.