Мемлекеттік қызмет те, мемлекеттік қызметші де мінсіз болуы тиіс

http://turizm-hit.ru/

Мадина Жарас, «Талас тынысы».
Апта басында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Ұлт жоспары: «100 нақты қадам» құжатын насихаттау мен мемлекеттік аппаратты реформалау саласындағы өзгерістерді талқылау мақсатында семинар өтті.


Облыс бойынша мем­лекеттік қызмет істе­рі департаментінің тапсы­рысы бойынша ұйым­дастырылып, өткізілген се­минарды аудан әкімі аппаратының басшысы Ұлан Алтынкопов ашып, жүргізіп отырды. Жиын­да алғашқы сөз кезе­гін алған Қазақстан Респуб­ликасы мемлекеттік қыз­мет істері министрлігі Жамбыл облысы бойын­ша департаменті басшысы­ның орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хат­шы­лығының меңге­ру­­ші­сі Дәурен Каипов мем­ле­кет­тік қызметшілердің Әдеп кодексі, сыбайлас жем­қор­лық профилактикасы туралы түсіндірді.
- Баршамызға белгілі Ел­­ба­сы жариялаған «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында бірқатар Заң мен заңға тәуелді нормативтік - құқықтық актілер қабылданды.
Осыған орай, мемле­кеттік көрсетілетін қыз­мет саласында да біраз өз­герістер орын алды,- деген Дәурен Айтасұлы бұдан әрі мемлекеттік қызметшілер­дің Әдеп кодексінің фор­мат­тарын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің стандарттары мен нор­ма­ларын, сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы кей­бір өзге­рістер мен толық­тыру­ларды кеңінен түсіндірді.
Семинар барысында мұнан соң, аталмыш депар­таменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Руслан Шариповтың осы мәселеге қатысты баяндамасы мен сыбайлас жемқорлық профи­лактикасы басқармасының бас маманы Берік Бегалиевтің жаңадан қабылданған «Ақпаратқа қол жетімділік туралы» ҚР Заңының басым бағыттары бойынша жасаған баяндамасы тың­далды.
Жиын соңында жи­нал­ғандар тарапынан қойыл­ған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар на­зарға алынды.
Дәл, осы тақырыптағы семинар сол күні «Talas Investment company» ЖШС-де де өтіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.