Ауданның тыныс-тіршілігімен танысты

http://turizm-hit.ru/

"ТТ"-ақпарат".

Ауданымызда арнайы жұмыс сапары­мен келген Қазақстан Республикасы Президен­ті әкімшілігінің бас инспекторы Рустам Маратұлы Исатаев алғаш азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.


Қабылдауға бірінші болып келген Қа­ратау қаласы ардагерлер кеңесінің төраға­сы Бекен Досымов қалада басты көшелер­дің бірінен саналатын Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова және Д.Қонаев көшелерін жөндеу қажеттігі жөнінде және “Флора” саяжайын газдандыруға қатысты былтыр қол­ға алынған жұмыстардың биыл тоқтап қалғанын тіл­ге тиек етіп, соған ықпал ету қа­­жеттігі жөнінде өтінішін жеткізді.
Ал, қала тұрғыны Света Жанқұлова темір жолдың арғы бетіне балалар бақшасының қажеттігі жөнінде, Шәріпбек Оңал­баев биыл барлығы 22 кө­шенің жөнделетінін айта келе, су, кәріз жүйе­лерін тарту кезінде қазылған қалған көшелердің де жөндеуді керек ететінін жеткізді.
Бұдан соң Рустам Маратұлы С.Сей­фуллин атындағы орта мектеп пен Орталық саябақта болды. Орталық қазандыққа ат басын бұрып, қаланың қысқа дайындығы барысымен де танысты.
Мейманды аудан әкімі Болат рысмендиев бастап жүрді.