Жерлестеріміз Астана жәрмеңкесінде

http://turizm-hit.ru/

Өткен жылы да Астана жәрмеңкесіне ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалап, ас­таналықтар тарапынан жылы қабылданған жерлестеріміз биыл да сол межеден көріне білді.


Астана жұртшылығына сапалы да арзан өнімдерін ұсынған таластықтар олардың ыстық ілтипатына ие болды.
- Біз Астанаға 1 тонна жылқы етін, “Бекен” шаруа қожалығының 3 тонна қауынын, 200 келі құрт-ірімшігімізді, 400 литр қымыз - шұбатымызды, көкөніс түрлері мен жеміс-жидектерімізді алып бар­­дық, - дейді аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлі­мінің басшысы Ауданбек Ерубай, - алып барған тауар­лары­мыз үлкен сұранысқа ие болып, лезде өтіп кетті.
астана жәрмеңкесіне қатысуда ұйым­шылдық танытып, бір кісідей ат­салысқан барша жұртшылыққа аудан әкімі Болат Рысмендиев үлкен ризашылығын білдірді.