Табыстың кілті - еңбекте

http://turizm-hit.ru/

Мадина Жарас, «Талас тынысы».


Осыған орай, Балалар өнер мектебінде мерекелік шара өтіп, оған өңіріміздегі еңбек ардагерлері мен түрлі салалардың үздіктері қатысты.
Шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Кәдір­бек Садубаев сөз алып, мерекенің мән-маңызына тоқталды.
- Елбасының «Жалпыға Ор­тақ Еңбек Қоғамын» құру идея­сы­ның шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жұмысшы мамандықтарын насихаттау, жас­тар­ды өндіріс саласына көптеп тарту сияқты кешенді шаралар қолға алынып, жүзеге асуда. Бұл, әрине, ел экономикасының дамуына үлкен ықпалын тигізуде, - деген ол мұнан соң ұзақ жылдар ауданның дамуына еңбегімен үлесін қосып келе жатқан, бірқатар азаматтарға аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыстады.
Қарапайым еңбек адамының беделін өсіріп, мерейін тасытқан мерекеде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тынысбек Сейдуанов барлық еңбек ардагерлерін құттықтап, жылы лебізін білдірсе, аудан әкімдігі білім бөлімі әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Сәуле Сағымбекова осы салаға еңбек сіңірген азаматтарды аталмыш бөлімнің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады.
Шара соңы Ұлбике ақын атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласты.