Бағаны тұрақтандыру басты назарда

http://turizm-hit.ru/

 Аудан әкімі Болат Рысмендиевтің төра­ға­лығымен өткен жиын­ға облыс әкімі аппа­раты басшысының орын­басары Х.Бегалиев, об­лыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының бас маманы Б. Орынтаев, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы азық - түлік мониторингі бөлімінің бас маманы М.Сейдыбаев, облыс әкімдігінің тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Б.Қалиев, облыс бойынша кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ә.Дәулетбаев, облыс бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің бөлім басшысы Р.Берік, «Тараз сауда-саттық компаниясы» ЖШС-нің баға жөніндегі менеджері, облыс бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау де­партаментінің өкілі Б.Байларбеков және аудандық штаб мүшелері қатысты.
Басқосуды аудан әкімі Болат Рысмендиев ашып, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Мұнан соң сөз алған облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Х.Бегалиев арнайы құрылған жұмысшы топтың мақсатымен таныстыра келіп, алдын-ала берілген мониторинг мәліметтеріне сүйене отырып, бірқатар мәселелерге тоқталды.
- Мониторинг мәліметтеріне сәйкес 33 атаулы азық-түлік тауарларының ішінде ауданда құмшекер және бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нанның бағасы шектен тыс жоғары. Осы аталған мәселе аудандық штаб оты­рысында қаралды ма?, - деген жұмысшы топ жетекшісінің сауа­лына аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы А. Тауасаров түсінік берді.
- Ауданда не­гізгі азық-түлік тауар­ларының баға­сын тұрақтандыру мақ­сатында арнайы штаб құрылған. Бөлім қыз­меткерлерінің тарапынан аудандағы 33 әлеуметтік азық-түлік пен басқа да тауарлардың бағасына күнделікті талдау жасалынып, апталық мониторинг қорытындысы облыс әкімдігінің ауыл шаруашы­лығы басқармасына тұрақты түрде жіберіледі,-деді ол өз сөзінде.
Жиында қаралған мәселелерді жан-жақты саралаған Х.Бегалиев аудандық штаб мүшелеріне сауда нарығындағы орынсыз делдалдарды анықтау, алкогольді ішімдіктердің саудасына қойылатын шектеулер бойынша ақпараттарды тұтынушылардың назарына көрінетін орындарға ілу, сондай-ақ, халық тұтынатын, сұранысқа ие негізгі тауар түрлеріне бақылауды күшейту бағытында бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Жиыннан соң жұмысшы топтың мүшелері ау­дандағы сауда нүктелерін аралап, баға бағамына са­ралау жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, Қаратау қаласындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, жанар-жағармай бекеттері мен дәрі-дәрмек сататын дәріханаларды аралап сауда өкілдерімен, сауда орындарының басшыларымен , өндірушілердің ресми диллерлерімен және тауар өндірушілермен азық-түлік бағасын негізсіз көтермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мадина Жарас, «Талас тынысы».