Шығыста өткен жәрмеңке

http://turizm-hit.ru/

"ТТ"-ақпарат

Бұған дейін Алматы, Астана қалаларында өткен ауыл шаруашы­лық өнімдерінің жәрмеңкесіне қатыс­қан жерлесіміз, келесі кезекте отанымыздың шығысы саналатын Өскемен қаласындағы осындай жәрмеңкеде де белсенділік танытты.


29-30 қазан аралығында ұйымдастырылған жәрмеңкеге ауданымыздың атынан аудан әкімінің орынбасары Қайрат Рахымжанов пен Тамды ауылдық округінің әкімі Саят Момбеков қатысып қайтқан еді.
Таластықтар 500 келіден жылқы, сиыр, қой еттерін және 500 литр шұбат, 500 литр қымыз алып барды.
- Өскемендіктер тарапынан біздің өнімдерімізге деген сұраныс жоғары болды, - дейді Қайрат Аманжолұлы, - бірінші күні түске дейін -ақ өнімдерімізді саудалап үлгердік.
Бұл жерде тағы бір айта кететін мәселе - жерлестеріміз “Серпін” бағдарламасы бойынша осы қалада білім алып жатқан Жамбыл облысының тоғыз студентіне азық-түлекпен және ақшалай көмек көрсеткенін де атап өткеніміз жөн.