Өндірісі өрге домалаған өңір

http://turizm-hit.ru/

Индустриалды - инно­вациялық даму бағытында облысымыздың өндіріс, кәсіпкерлік, өнеркәсіп салаларында атқарылып жатқан ауқымды істерден облыс жұртшылығын ақпараттандыру, өңірдің тыныс - тіршілігінен хабардар ету мақсатында облыстық өңірлік ком­муникациялар қыз­ме­тінің бастамасымен ау­дандарға баспасөз ту­ры ұйымдастырылғаны бел­гілі.

Бүгінге дейін облыс аудандарының бірқатарын аралаған бұқаралық ақпа­рат құралдарының өкілдері өткен аптада ауданымызға табан тіреді. Елбасы Жолдауы, Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» мемлекеттік және үкіметтік бағдар­ламалардың орындалу барысын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында өтіп жатқан баспасөз турының құрамын облыстық Өңірлік коммуникация­лар қызметінің басшысы Айбек Ажибаев бастап келді. Облыстық мерзімді басылымдар мен телеарна тілшілерінен құралған ақпараттық топ құрамында республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі Оралхан Дәуіт, облыстық «Ақ жол», «Арай», «Знамя труда» газеттерінің, «Жамбыл news» ақпараттық сайтының, коммерциялық «77» телеарнасының тілші­лерімен қатар, тәуелсіз блогерлар қатысты. Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі­нің басшысы Жасөркен Жақсылық пен аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Аудан­бек Тауасаров қонақтарға ауданымыздағы өндіріс ошақтарына жол көрсетіп, бастап жүрді. Баспасөз-тур өкілдері аудандағы “Talas Investmеnt Company”, “Қаратау ПРО”, “Жамбыл Недр”, “Атамекен-Мрамор-Көктал” сынды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Кайыпова Калдыкул» жеке кәсіпкерлігіне және жуырда іске қосылатын 250 адамға арналған жаңа емханаға табан тіреді. Аталмыш өндіріс орындарының басшылары БАҚ өкілдерін қарсы алып, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сонымен қатар, тілшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өндіріс ошағының алдағы жоспарлары туралы да баяндады.

Ернар Әбдіразақ,
Қаратау қаласы.