Аталар аманатына адалмыз

http://turizm-hit.ru/

Өткен апта­ның соңында қаламыз­дағы Ш.Уәлиханов атындағы ор­та мек­теп директо­ры­ның тәрбие ісі жөніндегі орынба­сары Ботагөз Копенованың ұйым­дасты- руымен мек­тептің 4-5 сы­нып оқушылары (барлығы 80 оқу­шы) «Батырлар ала­ңын­да» аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орын­басары ардагер ұстаз Құрал Нұрпейісов және аудан әкімдігі білім бөлімінің бас маманы Ләззат Әшірімбетовамен кездесіп, алаңда бюсті тұрған 59 Еңбек Ері мен 2 Кеңестер Одағы Батырының өмір жолынан мағлұмат алды.


Құрал Қошанұлы алаңға келген жеткіншектерді ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтай келіп:
- Қым-қуыт азапты да қиын-қыстау кезеңдерді басынан өткерген қазақ халқы үшін Тәуелсіздіктің құны – Тәңірдің берген сыйындай. Тәуелсіздікті қолдан шығарар жайымыз жоқ. Жас ұрпақ, яғни сендер Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, Көк туымызды көк жүзінде желбіретулерің керек. Бұл-сендерге берілген аманат.
Алдарыңдағы Еңбек Ерлері мен Батырлар келер ұрпақтың жарқын болашағы үшін аянбай тер төгіп, қос Батырымыз ел азаттығы жолында басын қатерге тікті, - десе, Ләззат Әзімханқызы да оқушыларды алдағы мерекемен құттықтап, бел шешпей еңбек еткен ерлер мен қан майданда от кешкен майдангерлердің тәуелсіздік жолындағы өнегелі істерінің жеткіншектер үшін үлгі – өнеге, айнымас бойтұмары болуы керектігін түсіндірді.
Ал Ботагөз Мейрамбекқызы алдыңғы буын аталар мен аналардың ерен еңбектері тарих төрінен орын алып, есімдері алтын әріптермен жазылатынын баяндап, мұндай шаралар әлі де жалғасын табатынын, кездесулердің тәрбиелік мәні зор екенін жеткізді.
Жиын соңына қарай оқушылар «Батырлар алаңын» аралап, әр Батырдың бюстімен танысты.
Балнұр Ағайдарова,
Ш.Уәлиханов атындағы орта
мектебінің тәлімгері.