Кеніштің келешекке бағдары кең

http://turizm-hit.ru/

Дүйсен Молдақұлов, "Талас тынысы"

Амангелді газ кеніші алғаш ашылғанда аудан жұрт­шылығының қуа­ны­шын­да шек болмағаны рас. Ен­ді міне, бірнеше ауылдар мен әртүрлі әлеуметтік ны­сандар өзіміздің көгілдір отынның игілігін де көріп отыр. Осынау шара алда­ғы уақытта да жалғасын табатын болады.


«Амангелді газ» жауап­кершілігі шектеулі серік­тестігі биылғы жылдың 9 айында 5195,1 миллион теңгенің өнімін шығарды. Соның ішінде, 228,9 мил­лион текше метр газы өн­дірілді. Ал, өткен жылы бұл көрсеткіш тиісінше 3102,2 миллион теңгені құраған, 215 миллион текше метр газ өндірген еді.
Амангелді газ кенішінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында кел­ген аудан әкімі Болат Рысмен­диев «Амангелді газ» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Сержан Исля­мов­пен жолығып, өндіріс орнының мән-жайына қанықты.
- Өткен жолы ауданның ахуалынан хабардар болу мақсатында Қаратау қаласына арнайы ат басын бұрғанмын,-деген Сержан Нәбиұлы келесі кезекте аудан әкімін болашақ­тағы жоспарларымен де тыныстырды, - биыл жыл соңына дейін 3 ұңғыманы пайдалануға беріп, жаңа зертхана ашу ойымызда бар. Ал, келер жылы «Айрақтыда» жаңа шағын зауыт ашуды көздеп отырмыз. Сонымен бірге, ағымдағы жылы 5195,1 миллион теңгенің инвестициясын тартуға қол жеткіздік,-деді.
Өз кезегінде Болат Қанатбайұлы ауданымыздың бүгінгі әлеуметтік – экономикалық өмірі туралы әңгімеледі.
Бұдан кейін Сержан Нәбиев аудан әкімін «Амангелді газ» ЖШС-нің өндіріс орындарымен және жұмыс процесімен таныстырды.
Сапар барысында аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров пен “Амангелді газ” ЖШС-нің учаске бастығы Ержан Қалматаев болды. 

Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті әкімшілігінің Мемлекет­тік инспекторы Арман Қайратұлы Евниев іс са­пармен Қаратау қаласына келді.
Мемлекеттік инспектор өз жұмысын халық игі­лігіне ұсынылуға дайын тұрған аудандық жаңа емхананың ішін аралап, бөлмелерге қойыл­ған медициналық жаб­дықтармен танысудан бастады.
Құны 1 миллиард 125 миллион 924 мың теңге болатын емха­на құрылысын жүргіз­ген «Корпорация Жилст­рой Тараз» ЖШС-і (директоры – М.Өмірбаев) жұмысына ризашылық танытқан Арман Қайрат­ұлына ау­дандық аурухананың бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев заманауи медициналық жабдықтардың маңызы мен тиімділігін түсіндірді.
Орталық саябақты ара­лаған астаналық инспек­тор мәдени демалыс орнының ажары мен аумағының үлкендігіне деген таңданысын жа­сыра алмады. Аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев саябақтың қала халқы үшін маңызы ерекше екенін айтып, ауыл өнерпаздары жаз бойы осы жерде қалалықтарға ән мен күй, мың ырғақты би сыйлағандарын жет­кізді және Орталық стадионда жастар күнделікті спортпен шұғылданып, облыстық, республикалық жарыстарда жүлде салып жүргендерінен де мағлұмат берді.
Бұдан кейін Арман Евниев лицейде болып, оның тыныс-тіршілігімен танысты, оқушыларға сапалы білім алып, елді көркейту жолында аянбай еңбек етуге шақырды.
Бұл іс сапарында Мемлекеттік инспектор 3-мөлтек аудандағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан 120 пәтерлік №51 үйде, «Talas Investment Company» ЖШС-де болып, зауыт жұмысымен және қалалық орталық қазандық жұмысымен танысты.