Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Ауылдағы айтулы шара

Дүйсен Молдақұлов, "Талас тынысы"

Қазір ауданымызда өздерінің ауылдарын түлетуге деген азамат­тардың құлшынысы, ықыласы көп­теп көрініс табуда. «Туған жерге туыңды тік», - деген қағиданы берік ұстанған мұндай жандардың туған топырағына деген жанашырлығы бы­лайғы жұртшылықтың тарапы­нан да ризашылық сезімдерін тудыруда.


Сондай иілікті шараның бірі ретінде Үшарал ауылында Тұңғыш Президент күніне орай «Logic construction» ЖШС ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақытжан Әбдірайымовтың ықпал етуімен пай­далануға берілген спорт алаңын айтуға болады.
Іс-шараның ашылу салтанатын­да сөз алған аудан әкімі Болат Рысмендиев жиналған көпшілікті Тұңғыш Президент күнімен құттық­тай келе:
- Ауданымызда ата - бабалары­мыз­дың өнегесін үлгі тұтқан азаматтар көптеп саналады. Олар өз кезегінде туып-өскен елінің өркен жаюына, көркеюіне қатысты қол ұштарын беріп келеді. Сондай ел­жанды азаматымыздың - бірі Ба­қытжан Әбдірайымов бауырымыз. Міне, бүгін соның куәсі болып отырмыз, - деді.
Келесі кезекте сөз алған Бақыт­жан Әбдірайымов жерлестерін бүгінгі айтулы мерекемен құттықтап:
- Спорт алаңының пайдалануға берілуіне осы Үшарал топырағының тумасы Махамбет Қалдыбекұлы көп көмек бергенін айта кетейін. Біз қашанда, қайда жүрсек те, өзіміздің ауылымызды естен шығармаймыз,-деді.
Облыс әкімінің бірінші орын­басары Бекболат Орынбеков ауыл тұрғындарының қуанышына ортақ­тасып, өзінің жүрекжарды лебізін жеткізді.
Үшарал ауылдық ардагерлер ке­ңесінің төрағасы Қыдырәлі Жүсіпов, үшаралдықтардың қуаны­шын ар­найы бөлісуге келген қойы қоралас, малы аралас көрші Сарысу ауданы, Тоғызкент ауылының тұр­ғын­дары атынан Шейірбек Тәйменов те жылы тілектерін білдірді.
(Жалғасы 2-бетте).
Ережесіз жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Арман Назаров пен олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровтың осынау шараға арнайы келіп қатысуы оның мәртебесін асыра түскен еді.
Алаңның ресми ашылуынан соң мектеп оқушылары арасында футбол мен стол теннисінен тартысты бәсекелер жалғасты.
Оның қорытындысында Ә.Сағынтаев атындағы орта мектеп командасы І-ші орынға көтерілсе, Талас негізгі мектебі мен Ә.Сағынтаев атындағы орта мектептің 2-ші командасы жүлделі орындардан көрінді.
Ал, өте шиеленісті жағдайда өткен стол теннисінен ұлдар арасында Сәт Елғонды (Бозарық негізгі мектебі), Зият Жамбылбек (Абай негізгі мектебі) және Мансұрхан Бөпетаев (Ә.Сағынтаев атындағы орта мектеп) жеңімпаз және жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Қыздар арасында Жансая Шахмарал (Талас негізгі мектебі) жеңіс тұғырына көтерілсе, одан кейінгі жүлделі орындарға Ақмаржан Данабек (Ә.Сағынтаев атындағы орта мектеп) пен Маржан Дүйсен (Бозарық негізгі мектебі) ие болды.
Жиын соныңда ас беріліп, аурақтарға құран бағышталды.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер