Жасампаздық жылдары

http://turizm-hit.ru/

Мадина Жарас, "Талас тынысы"

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс орталығы Та­раз қаласынан шық­қан автокеруен өткен аптада ауданымызға келді. Облыс аума­ғындағы барлық ау­дан­дарда болған ав­то­керуен құрамында халыққа тегін медициналық қыз­мет көрсететін дә­рігерлер, белсенді жас­тар мен өнер­паздар, сондай-ақ, ауыл­­шаруа­шы­лық тауар­­лары тиелген жүк кө­лігі де келді.


- Еліміз егеменді­гін алған ширек ға­сырда қарыштап да­мы­ған әлеуметтік са­ла мен есе­леп арт­қан эко­но­микалық әлеует, ел игілігі жо­лын­да атқарылып жат­қан ір­гелі істер мен қол жет­кен то­лайым табыстар Тәуел­сіздіктің ен­ші­­сін­де. Осы 25 жыл­дың бе­дерінде ха­лық­тың әлеуметтік жағ­дайын жақсарту ба­ғы­тында еліміздің бар­лық өңір­лерінде ұйым­дастырылып, бү­гін­­ге дейін жал­ғасын тауып отырған мұндай ауыл­шаруашылық тауар­­ларының жәрмеңкесі шарапатты шаралардың бір парасы ғана. Тәуелсіздік тойы­ның қарсаңында қолға алынып, жүзеге асып жат­қан ауқымды істер алдағы уақытта да жал­ғасын таппақ, - деген аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнер­­-кәсіп бөлімінің басшы­сы Ауданбек Тауасаров сөзін Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай де­ген із­гі тілекпен түйіндеді.
25 жылдың ішінде мемлекетте жүзеге асқан жасампаз істерді на­си­хаттау, ел бірлігін нығайту мен жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында, сонымен қатар, аймаққа қарасты елді мекендердегі тұрғындарды тегін ме­дициналық тексеруден өткізу, арзандатылған баға­да азық-түлік тауарларын ұсыну үшін ау­да­нымызға ат ба­­сын ті­реген «Тәуел­сіздікке - 25 жыл» ав­токеруенін Қа­ра­­тау қаласының тұр­ғын­дары орталық алаңда қарсы ал­ды. Бұл күні ха­лық күнделікті тұтына­тын негізгі азық-түлік тауарлары на­­рық­­тағы бағадан едәуір төмен бағамен сатылды. Көпшілікке арнайы концерттік бағдарлама ұсынған облыс өнерпаздары мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мұнан соң автокеруен Тамды ауылына барып тұр­ғындарға азық-тү­лік тауарларын арзан­да­­­тыл­ған бағада ұсынды.