Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Таластықтар күйімен, әніменен, Оралды Сарысудан сәніменен

Қамысбай Сауқымов, "Талас тынысы"

Қараша айының орта­сында Қазақстан Респуб­ликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауданы­мызда Сарысу ауданының «Тәуелсіздігім-тірегім, мә­де­­ние­­тім-мәртебем» атты мәдениет және өнер күндері өткен еді. Сарысулықтардың ыстық сәлемін қабылдап, өнерін тамашалаған талас­тықтар оларға ыстық ықыласты ризашылығын білдіріп, шығарып салған болатын.


Міне, енді «Бармасаң, келмесең жат боласың...» деген қағиданы берік ұстанған таластықтар да қолтықтасып қоңсы жатқан Сарысу ауданына ат басын бұрып, сарысулықтарға өздерінің ыстық сәлемін жеткізді.
Сахна төріне Талас ауданының әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев, Сарысу ауданының әкімі Балабек Жанбекұлы Нарбаев және облыстық Абай атындағы драма театрының директоры, Таластың тумасы Болат Бекжан шығып, сары­сулықтарға өздерінің жүрек­жарды лебіздерін жеткізді.
- Биылғы жыл еліміз үшін тарихи маңызы зор елеулі жыл болмақ. Біз биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын тойлағалы отырмыз. Тәуелсіздік-халқымыздың ұғымында баға жетпес құндылық,-деп өз сөзін бастаған Балабек Жанбекұлы осы егемендікті алу жолында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өлшеусіз еңбектерін саралап, ауданда атқарылып жатқан игілікті істерге тоқталды.
-Жасампаздық пен бірлікті арқау еткен таластықтар бүгін сарысулықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін арнайы келіп отыр. Еншісі бөлінбеген екі аудан қашан да бір-біріне тілектес ниеттерінен айныған емес,-деген Балабек Нарбаев сарысулықтар таластықтар өнерінен үлкен әсер алатынына сенім білдіріп, өнер иелеріне сәттілік тіледі.
- Құрметті сарысулықтар! Қадірлі ағайын! Ауылы аралас, қойы қаралас жатқан Талас ауданы жұртшылығының ыстық сәлемін сіздерге жеткізгім келеді. Біз бүгін Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында Талас ауданының Сарысу ауданындағы мәдениет және өнер күніне келіп отырмыз. Алдымызда Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні келе жатыр. Осы екі мереке қарсаңында сіздермен қауышып отырмыз,-деген Болат Қанатбайұлы қазақ халқы үшін баға жетпес құндылық болып саналатын Тәуелсіздіктің мәні мен маңызына кеңінен тоқталып, бірлігі мен тірлігі жарасқан екі ауданның Тәуелсіздік жылдарында экономикасы қарыштап өсіп, бір-біріне тілектес болып келе жатқандарын ризашылық сезімен жеткізді.
Сөз соңында Талас ауданының басшысы:
- Қазақтың «Ата көргеннің-ақылы бар, өнер көргеннің-өнегесі бар» деген сөзі өз мәнін жойған жоқ. Сарысулық жастардың өнегесі мен өнеріне Таласта куә болдық,-деген Болат Қанатбайұлы Сарысу ауданының жаңа әкімі Балабек Нарбаевқа басшылық қызметте сәттілік тіледі.
Болат Бекжан да Тәуелсіздіктің құндылығын баяндап, екі аудан өнерпазда­рының игілікті істеріне өзінің ризашылығын білдірді.
Бұл күні сахна төрінде күмбірлеп күй төгіліп, әуелеп ән шырқалып, Жаңатас көгінде қалқыды. Әр күй мен әрбір әуезді әнге еліткен сарысулық көрермендер сезім құшағына еніп, өзгеше әсерде отырғаны айтпаса да түсінікті еді.
Балалар өнер мектебінен барған фольклорлық ансамбль орындаған «Көрұғлы», «Әлқисса» күйлері, Жақсылық Тілеубеков орындаған «Сүйін­байдың термесі», Дания Оңдасынқызы орындаған «Қазақ елі осындай», Қуат Рауан орындаған «Отан-Ана» әндері мен «Шашу», «Гүлдер» бишілер тобы билеген билер сахна ажарын ашып, таластықтардың мәртебесін көтерді.
Ал, Жаңатас мәдениет үйінің фойесіне қойылған таластықтардың қолөнер бұйымдары мен Талас аудандық тарихи өлкетану мұражайы апарған қолөнер бұйымдары мен тарихи жәдігерлер сарысулықтардың көңілін өзіне аударды. Әсіресе, қаратаулық Александр Зориннің ағаш діңгегінен жасаған «Ескендірдің түйесі» деп аталатын боталап жатқан түйе туындысы маңында көрермендер қарасы өте көп болды. «Уызынан жарыған дарын ғана даланың сырына қанық болып, әр құбылысты қолға ұстатқандай көрсете біледі екен-ау»,- деді туынды­ға қарап тұрған бір егде кісі. «Өнер адамы-бір әлем. Миллион қырлы, миллион сырлы тылсым дүниемен етене байланысып кеткен жандар ғой олар»,-деді сонда әлгі егде кісінің жанында тұрған орта жастағы келіншек.
Иә, айтса, айтқандай-ақ Александр Зориннің «Ескендірдің түйесі» атты қолөнер туындысы өнердің шыңы деуге болатындай.
Таластық қолөнер бұйымдары көздің жауын алып, сарысулықтар оларды тамашалаудан жалықпады.
Сарысулықтарға тама­ша көңіл-күй сыйлаған кездесуден соң жергілікті ақсақалдардан алған әсірімен бөлісуді сұрадық.
-Бұл бір өте игілікті іс болды. Жалпы, Талас халқы о бастан өнерге жақын ғой. Бүгін міне, олар өнерде қашан да озық екенін дәлелдеді. Өте ризамыз. Бұл-менің ғана емес, осы жерге жиналған барша қауымның ойы. Өте жақсы дайындықпен келіпті,-деді Сарысу ауданының Құрметті азаматы, 80 жастағы қария Өмірзақ Сержанов.
Өмірзақ атамыздың сөзін жанында тұрған Жаңатас қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байтуған Рыспанов қария да қолдап, өзінің жылы лебізін білдірді.
Екі аудан арасындағы бұл кездесулердің тәрбиелік, саяси маңызы өте зор болды.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер