Жаңа алаң-жастар игілігіне

http://turizm-hit.ru/

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жұлдызды 25 күн» бағдарламасы аясында Көктал ауылдық округінде балалардың спорт алаңы пайдалануға берілді.


Жағымды жаңалықты бөлісуге келген ауыл тұрғындары алдында сөз алған Көктал ауылдық округінің әкімі Роман Қырықбаев: -Спорт алаңының құрылысын алматылық «Дәм» ЖШС 6 млн. 750 мың теңгеге жүргізіп, мерзімінде аяқтады. Ауыл балаларының бос уақытын мағыналы өткізуге, спортпен айналысып, саламатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді,-деп көпшілікті алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мереке қарсаңында ауыл жастарына жасалған тартуға ризашылығын білдірген ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәйіс Қойшыман ізгі лебізін жеткізсе, «Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің» директоры Қанат Шыныбеков ауылдан ел абыройын асқақтататын спортшылардың шығуына тілектестік білдірді.
Мұнан соң Р.Қырықбаев, Қ.Шыныбеков және У.Қойшыман салтанатты түрде спорт алаңының лентасын қиды.