Атқарылған жұмыс сараланды

http://turizm-hit.ru/

"ТТ"-ақпарат"

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының пар­тиялық бақылау ко­­миссиясы мен сы­байлас жемқор­лыққа қарсы іс-қи­мыл жөніндегі қо­ғам­дық кеңестің бі­рлескен отырысы өтті.


Жиынға төра­ғалық еткен партия аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Д.Мәселбеков Жол­даудың орындалу барысын зерделеген жұмысшы топтың қорытындысымен таныстырып, оның орындалуы жоспарлы түрде атқарылып жатқандығын тілге тиек етті.
Отырыстың күн тәртібінде қарал­ған үш мәселенің алғашқысы бойынша сөз алған аудан әкімінің орынбасары К.Садубаев Елбасы Н.Назарбаевтың 2015 жылдың 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ақуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауының аудан көлемінде орындалу барысы бойынша есеп берді. К.Садубаев Жолдау жүктеген міндеттерді орындау үшін аудан әкімінің өкімімен 14 ақпараттық топ құрылып, қала мен ауылдық округтерде насихат жұмыстары жүйелі жүргізілгендігі мен республикалық, облыстық және жергілікті бюд­жеттен бөлінген қаражаттардың игерілуін егжей-тегжейлі баяндады.
Келесі кезек­те қала әкімінің міндетін уақытша атқарушы А.Әбдібе­ко­ва 2016 жыл­дың қыркүйек-қаңтар айларында атқарылған жұмыс­тарға тоқтал­са, Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі Б.Бекетаев ауылдық округтегі сыбайлас жемқор­лықтың алдын алуға арналған жұмыстар барысын баян етті.
Бірлескен отырыс соңында есеп берушілерге қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, жұмыстарының кемшін тұстарын бақылау комис­сиясының мүшесі Г.Маханова хабарлады.