Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Ұлттың ұлы мерекесі ұлықталды

Қамысбай Сауқымов, "Талас тынысы"

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қаламыздағы Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында аудан жұртшылығының қатысуымен салтанатты жиналыс өтті.


Салтанатты жиын алдында жиналған көпшілік тікелей эфир арқылы Ақордада өткен мерекелік жиындағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған құттықтау сөзін тыңдап, Елбасының 25 жылдық тарих толқынында қиындықтарға қарамай, ғасырға пара-пар бас айналар таңғажайып істердің жүзеге асқаны жөніндегі сөзінен үлкен әсер алды.
Жиында сөз сөйлеген аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев таластықтарды ұлық мерекемен құттықтап, Тәуелсіздіктің маңызына, Елбасының егемендік жылдарында атқарған ерен еңбектеріне тоқталды. Сондай-ақ, аудан басшысы осы жылдар ішінде ауданда жүзеге асырылған қыруар істерді де саралап өтті.
Құттықтау сөзден соң Болат Қанатбайұлы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылдың 29 қарашасындағы №380 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальімен ауданның әлеуметтік және экономикалық ахуалын көтеруге үлес қосқан бірқатар азаматтарды наградтап, ауданның барлық жағынан көркеюіне ықпал етіп жүрген бірқатар азаматтарға «Ауданның Құрметті азаматы» атағын беріп, өңірлеріне төсбелгі қадады.
Одан әрі Болат Қанатбайұлы аудан өміріне етене араласып, үлгілі еңбегімен көзге түскен қызметкерлерге аудан әкімінің, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті.
Бұл күні бірқатар қызметкерлер аудандық мәслихаттың да Құрмет грамоталарымен марапатталып, аудандық Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің басшысы, майор Ғани Алдабергенов әскери дайындық жиынынан өткен запастағы лейтенанттарға аға лейтенант шенін тапсырды.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер